Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ

12 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТ
КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр адамның бойында табыла бермейтін асыл қасиеттің бірі – өзгеге жақсылық жасау. Үлкенге құрмет, жасқа ізет, тіпті, қиналғанға көмек қолын созу – ежелден қанымызда бар қасиет. Осы асыл қасиетіміз атадан балаға аманат болып келе жатыр десек, оны алдымен жас ұрпаққа үлгі етіп көрсететін — алдыңғы буын ағалар.

Осындай көпке үлгі болып, қиналғанға қол ұшын созып, жақсылық жасауды парызы санайтын ағалар арамызда аз емес. Тек оларға жол таба білуіміз қажет.

Қазір облыста «Кең дала» атты қайырымдылық акциясы басталды. Акцияны арнайы ұйымдастырып отырмыз. Атымызды шығарайық деп емес, маңайымызға үлгі болып, басқа да жомарт жандардың қатарын көбейтіп, бүгінгі қоғамда аз қамтылған отбасыларына септігіміз тисе деймін. Көмекке қол созғаннан кеміп қалмаймыз. Мен мемлекеттің жасаған мүмкіндігі арқылы кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Ендеше, мен еліме не беремін деген заңды сауал туындайды. Ол, әлбетте, тұрмысы төмен отбасыларына көмек жасау. Олар да мен еңбек етіп жатқан мемлекеттің азаматтары. Олар да мемлекетімізбен бірге көркеюі керек. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдау түрлері, ай сайынғы берілетін жәрдемақылар басты назарда екені белгілі.

Мәселен, Елбасы Жолдауын қазіргі таңда әрбір тұрғын асыға күтеді. Өйткені, ол жерде мемлекетіміздің даму көкжиегі таныстырылып, болашаққа бағдар жасалады. Жаңа міндеттер жүктеледі. Ол міндеттердің ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жалақы, зейнетақы, түрлі әлеуметтік төлемдер өсіп, ел қуанышын еселеуде. Бұл біздің тәуелсіз Қазақстанның басты мемлекеттік ұстанымы болып қала береді. Осы тұрғыда әрбір азамат туған жерінің түлеуіне, тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуына баса мән беруі тиіс деп ойлаймын.

Мен үшін ел алғысынан артық марапат жоқ. Алғысты тек өнер әлемінен ғана емес, иненің жасуындай болса да жақсылық жасаумен алуға болады. Мен ұжымыммен ұстаздар қауымына арналған қайырымды іске себепші болдым. Бірнеше отбасын әлеуметтік қолдау көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз еттік. Олардың басым көпшілігі көпбалалы отбасы мен жалақысы аз қамтылған қызметкерлер. Сондықтан, әр істі көп болып шешіп, қоғам болып атсалысқан жөн. Бұдан ұтылмасымыз анық.

Әли АЛПЫСБАЕВ,

Алматы облыстық мәслихат депутаты

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.