Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАНША ПӘТЕР САЛЫНЫП ЖАТҚАНЫН АЙТТЫ

29 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТ
ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАНША ПӘТЕР САЛЫНЫП ЖАТҚАНЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Аталған бағдарлама халықтың аз қамтылған топтарының табысын арттыруға, тұрғын үй мәселесін шешуге, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған. Жүктелген міндеттің Жетісу аймағында орындалу деңгейімен облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев брифинг барысында таныстырды.

Алматы облысы әлеуметтік картасы міндеттерімен таныстырған А. Жылқышыбайұлы:

– Жетісу өңірінде 40 409 көпбалалы отбасы 165 мың бала тәрбиелеп отыр. Өткен жылы 238 мың адамға 10,5 млрд. теңге көлемінде әртүрлі көмек көрсетілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыстың «Әлеуметтік картасы» дайындалды. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 млн. теңгеден тұрғын үй сертификаттары үшін барлығы 300 млн. теңге жұмсалды, – деді.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жыл сайын жоғары оқу орындарына түсу үшін 100 грант бөлінеді. Осы мақсатта 44,3 млн. теңге қарастырылған. Бүгінде барлығы 206 білім алушы жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуда. Одан бөлек, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған.

А.Жылқышыбайұлы брифинг барысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтыру шаралары туралы:

–1521 сауықтыру лагері мен алаңдар жұмыс істейтін болады. Сауықтырумен 354,4 мың бала қамтылмақ. Ағымдағы сауықтыру маусымында облыстың 40 мың жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары жазғы демалыспен тегін қамтылатын болады. Биыл алғаш рет санаторийлер мен демалыс үйлерінде 100 көпбалалы анаға балаларымен отбасылық демалыс ұйымдастырылады. Бұл үшін демеушілер мен меценаттардың қаражатын тарту жолдары қарастырылуда, – деді. Сондай-ақ, бүгінде облыс бойынша барлығы 300,0 млн. қаржыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, көпбалалы отбасы 60 тұрғын үймен қамтамасыз етілгендігін жеткізді.

Өз кезегінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылары мен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова сала бойынша қолға алынған жұмыстарға тоқталды.

Соңынан баспасөз өкілдері тарапынан әлеуметтік көмек алу мәселесіне қатысты сауалдар қойылды. Оған:

– Биылдың өзінде 672 пәтер көпбалалы аналарға беріледі. Алғашқы пәтер кілті 1 маусымнан бастап табысталады. Биыл 155 коттеджді үйдің құрылысы аяқталып, оның 70-і көпбалалы отбасына табысталады. Осы бағыттар бойынша жұмыс атқарылуда. Үй берілген адам әлеуметтік көмек ала алмай қалмайды ма деген сауал жиі туындауда. Оның бір-біріне ешқандай қатысы жоқ. Реті келіп тұрса, мұқтаж жан мемлекеттен көмекті алуға құқылы. Жыл аяғына дейін көптеген игі істер жүзеге асырылады, – деп жауап берген А.Жылқышыбайұлы облыс орталығынан бөлек, аудандарда да пәтер кілті табысталатындығын жеткізді.

Еңлік ҚАБДЕШ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.