Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ — 13200 ТЕҢГЕ: ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНСЫЗ БА?

6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТ
КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ - 13200 ТЕҢГЕ: ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНСЫЗ БА?
WhatsAppTelegramFacebook

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жылыту маусымының жұмыстары пысықталды. Жиынға Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бұлдыбаев төрағалық етті.

Жылыту маусымы жайлы баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Марат Иманбаев қысқы маусымға қажетті қатты және сұйық отын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Баяндамашының айтуынша, 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына жергілікті бюджеттен 160,9 млн. теңге, оның ішінде, жылу жүйелерін жөндеу мен бюджеттік ұйымдарға жабдықтар сатып алу үшін – 14,8 млн. теңге, отын сатып алуға – 146,138 млн. теңге қарастырылған. Аудан бойынша 103 бюджеттік сала нысаны бар. Соның 36-сы – білім, 26-сы – денсаулық сақтау, 41-і әлеуметтік және басқа да нысандарды құрайды.

Бір айта кетерлігі, 2018 жылы аудандық орталық аурухана ғимаратының «Б» бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсында «Экспресс Строй» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Жалпы құны 275, 520 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізуі тиіс мердігер компания келісімшарт талаптарын уақытында орындамағаны үшін өтінім беруші сотқа жүгінген. Алматы облысының ауданаралық сотының 2019 жылғы 6 маусымдағы шешімімен мердігердің жұмысы дұрыс емес деп танылды. Бүгінгі күнге нысан бойынша жобаны түзету жұмыстары 8,4 млн. теңгеге жүргізілуде.

Мәдениет үйлерін қатты отынмен қамтамасыз ету үшін 3,1 млн. теңгеге жалпы 284 тонна көмір сатып алынды. Ауданның әлеуметтік нысандарына қажетті 742 тонна қатты отын сатып алуға бюджеттен 11,2 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 103 бюджет нысанының жылыту маусымына қатысты төлқұжаттары түгелдей толтырылған.

Ауданда орталықтандырылған жылумен 162 нысан қосылған. Атап айтқанда, бюджеттік мекемелер – 17, тұрғындар – 102, заңды және жеке тұлғалар – 43. Ағымдағы жылы «Жылыту орталығы» ЖШС орталықтандырылған қазандық шаруашылығына барлығы 2101 тонна мазут қажеттілігі бекітілген.

Аудан бойынша тұрғындарға қысқы маусымға қажетті қатты отын көлемі 50069 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда соның 33 пайызы жеткізілді. Қатты отынмен аудан орталығында бүгінгі күні «Сауда көмір», «Идигова», «Ин-Сан» жеке кәсіпкерлігі көмір тұйықтамалары қызмет етеді. Нарықтағы көмірдің орташа бағасы 13200 теңге болып отыр.

Жарыссөзге шығушылар жылыту маусымының жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу үшін бар күш-қайратын жұмсайтындықтарын жеткізді.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.