Талдықорған: +26°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«КӨШБАСШЫ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ — ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

15.11.2022
ӘЛЕУМЕТ
"КӨШБАСШЫ" ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жетісу облысы әкімінің дәстүрлі «Көшбасшы – 2022» жастар сыйлығының салтанатты тапсыру рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жастар байқауына құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде «Jetіsý jastary» КММ директорының міндетін атқарушы Әлішер Нұржанов хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көшбасшы» облыс жастарына арналған, сұранысқа ие, ең ірі жобалардың бірі. Байқаудың басты мақсаты — жыл бойы жастар саясатында белсенділік танытып, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен облыс жастарын ынталандыру.

«Ағымдағы жылы біз облыс әкімінің «Көшбасшы» сыйлығының 20 жылдығын атап өтеміз, осыған байланысты конкурс номинацияларын оңтайландырып, жүлде қорын ұлғайттық. Жеңімпаздарға облыс әкімінің дипломы, мүсіншесі және 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады», — деді спикер.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар саны жыл санап артуда. Биылғы жылы да дәстүрге сай байқау үздік жас көшбасшы, үздік жас батыр, үздік жас дәрігер, үздік жас мұғалім, үздік жас спортшы, үздік жас кәсіпкер, үздік жас ауыл шаруашылығы маманы, үздік жас білімгер атты 8 номинация бойынша өткізілмек. Қатысатын жастар 3 жыл көлемінде Жетісу төңірегінде облыстың дамуы мен өркендеуіне барынша үлес қосып, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етулері қажет. Өтінім берушілер жалпы қоғамдық қызметі үшін емес, жеке шеберлігі, кәсіби тәжірибелік қабілеттері мен дағдылары үшін таңдалады.

«Жалпы, сыйлыққа ұсынылу үшін қатысушы белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына апарар жолда аянбай еңбек ететін нағыз көшбасшы болуға тиіс», — дейді ұйымдастырушылар.

Өтінім білдірушілердің құжаттары 15 қарашадан 4 желтоқсанға дейін Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47, Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында қабылданады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.