Талдықорған: +14°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ ҚАНДАЙ? ЖАЛАҚЫСЫ ҚАНША?

18.11.2020
ӘЛЕУМЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ ҚАНДАЙ? ЖАЛАҚЫСЫ ҚАНША?
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызметкер халықтың мүддесі үшін еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік дамуына ықпал етуі тиіс. Әйтпесе көпшілік жергілікті атқарушы органдарға ғана емес, мемлекет астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы құзырлы мекемелерге де шағым түсіруін қоймайды. Мұндай мәлімдемені «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат БЕЙСЕҚҰЛОВА жасады.

«Kaztalks» форматында өткен жиында Жетісу жеріндегі мемлекеттік қызметкерлердің саны мен сапасы, еңбегі мен жалақысы жайлы әңгімелеген департамент басшысының айтуынша, облыстағы 7760 мемлекеттік қызметкердің 4245-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық әкімдікте, басқармаларда, аудандық әкімдіктерде, ауылдық округ әкімдіктерінде еңбек етсе, облыстық департаменттерде, инспекцияларда қызмет ететін 3515 қызметкер айлық жалақыны республикалық бюджеттен алады.

Мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақысы еңбек өтілі мен лауазымдық санатына байланысты. Мысалы, ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкер 105 мың 225 теңге, аудандық деңгейдегі қызметкер 111 мың 171 теңге, облыста еңбек ететін мемқызметкер 127 мың 388 теңге жалақы алады. Бұл — орташа көрсеткіш. Одан бөлек, бүгінгі күні облыста «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 1 маман, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген 13 қызметкер, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алған 71 маман еңбек етсе, ғылыми атағы бар мемлекеттік қызметкерлердің саны 21. Осының өзі мемлекеттік қызмет саласының сапасынан хабар берсе керек.

Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық ұстанымын қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, қоластындағы әріптестеріне жанашырлықпен қарау, келушілерге сыпайылық таныту, ұқыпты, таза киіну секілді қарапайым қағидаларды берік ұстану шарттары алдыңғы орында тұр. Соған байланысты бүгінгі мемлекеттік қызметкердің шынайы бет-бейнесі қалыптасады.

Тақырыпқа байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли мемлекеттің мүддесін қорғау, мүлкін сақтау, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау қазіргі мемлекеттік қызметкерлерге артылар басты жауапкершілік екендігіне тоқталып, қоғам мен билік арасына алтын көпір қызметін атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлердің шынайылық, тақырыпты жетік білуі, ақиқаттың барынша ашылуы секілді мәселелерге мұқият болуы керектігін атап өтті.

Одан соң «Время», «Литер» газеттерінің Алматы облысындағы тілшісі, «Достық үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Сандуғаш Дүйсенова, блогер Қайрат Абдрахманов кезекпен сөз алып, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңы сұрақ-жауапқа алмасты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.