Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

МӘСЕЛЕ. СЫНЫПҚА СЫЙМАҒАН БАЛА ҚАЙДА БАРАДЫ?

13.04.2023
ӘЛЕУМЕТ
МӘСЕЛЕ. СЫНЫПҚА СЫЙМАҒАН БАЛА ҚАЙДА БАРАДЫ?

Елімізде сәуір айының алғашқы күнінен бастап орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды рәсімдеу басталғаны көпке мәлім. Ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатын науқанға тілек білдіруші ата-аналардың қарқыны жақсы. Десе де, білім саласында біршама мәселе туындағанын жақында ғана Ұлттық арнада көрсетілген «1001» түн бағдарламасынан аңғардық.

Бүгінде көпшілік көрерменнің көзайымына айналып үлгерген аталмыш бағдарламада біршама дерек айшықталған. Оның бірі – биылғы 1-сынып табалдырығын аттайтын оқушылардың жалпы саны 400 мыңнан асатыны. Республика бойынша осынша бүлдіршін білім алатыны қуантады. Алайда, үш аусымды мектептің санын жою мәселесін толығымен шешуге айналған осы шақта мектептерде орын саны шақты-шанақты болуы көңілге кірбің ұялатады.

Бағдарламаға қонақ болған білім саласына жауапты мамандардың айтуынша, алтын ұя мектепте орын жоқ деу «қате пікір» екен. Тек таптышылық байқалатын көрінеді. Мәселен, бір ғана Астана қаласындағы мектептерге 1-сынып оқушыларын қабылдау ісі көпшілікті алаңдатуда. Өйткені мектептерде орын жоқ. Мамандардың сөзінше сырғақтатсақ «орын тапшы». Соның салдарынан елордалық 26 мыңға жуық оқушының  құжаты қанағаттандырылмай тұр. Осыған орай сала мамандары: «Мектептегі орын тапшылығын шешудің жолын қарастырып жатырмыз. Стандарт бойынша бір сыныпта 25 оқушы білім алу керек. Десе де, аталған мәселені жеңу үшін әр сыныпқа тағы 10 оқушыдан қабылдасақ та мұның алдын аламыз», – деп уәж айтқан.

Осы жерде журналистер қауымы тұрмақ қарапайым адамның көңіліне күдік ұялайды екен. Біріншіден, дамыған елдің сапынан тұғыр сайлаған мемлекетімізде адам денсаулығы, білімі басты орында. Соның себебінен Үкімет тарапынан жыл сайын білім саласына өте көп қолдау көрсетіп келеді. Заманауи мектептер салынып, үш аусымды білім ошақтарын түбірімен жою жолға қойылды. Оның сыртында Президентіміздің «Жайлы мектеп» жобасы тағы бар. Осындай үлкен жұмыс жүргізілген елімізде жарты миллионға да жетпейтін оқушының біршама бөлігі мектепке бара алмау қаупінде тұр. Ешкіншіден, жыл сайын жүргізілетін білім саласындағы реформаларға қыруар қаржы жұмсалады. Алайда, жаһандану дәуірінде таңданыстан жаға ұстатар жаңалық ашып жатқан ешкім жоқ. Ескі сүрлеудің бояуы қою түскен жерін сырғақтата сұйылтудың пайдасы бар ма деп ойланасың. Ойланасың да оқушыларды тұтас біліммен қанағаттандыруға Қазақстанның қауқары жоқ па деген күдікке бой алдырасың. Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына жүгінсек, ел бойынша барлығы 7 550 мектеп бар. Олардың ішінде шағын жинақты мектептер саны 2 753-ті құрайды. Барлық оқушы саны – 3,6 млн. десек, шағын жинақты мектептердегі балалар саны – 192,6 мың. Ал ел бойынша мектептерде барлығы 366,6 мың педагог жұмыс істейді. Осындай цифр сөйлеген дерекке зер сала отырып ой жүгіртсеңіз елімізде 1-сыныпқа қабылдау науқанында ешқандай мәселе туындамауы керек екенін іштей мақұлдайсыз. Десе де, біздің білім саласында бұл тақырып толғамға орам болып үлгерді. Өйткені астаналық ата-аналар шуы жалпы республикалық жағдайға ойтүрткі болып отыр.

Ойтүрткі демекші, Жетісу облысы бойынша да ақпар бере кеткен жөн. 1-сыныпқа қабылдау науқаны жоғарыда көрсетілген мерзім аясында іске асырылатыны белгілі. Бұл туралы облыстық білім басқармасы әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырып, барлық білім беру мекемелерінің парақшалары мен сайттарында хабарландырулар орналастырған. Балаларды мектепке қабылдау  қағаз және электронды түрде іске асырылып жатыр. Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде болған баспасөз мәслихатында Жетісу облыстық білім басқармасы орта білім беруді дамыту, қорғаншылық және қамқоршылық, тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Роза Тұрғанбаева бұл жайлы егжей-тегжейлі баяндаған. Жиын кейіпкерінің айтуынша өткен жылмен салыстырғанда биылғы қабылданар оқушылардың айырмасы аса үлкен емес екен. Нақтылап айтсақ, өткен оқу жылында Жетісу облысы бойынша 339 жалпы білім беретін мектепте  128758  оқушы білім алған. Оның ішінде, 1-сыныпқа 13758 бала қабылданған. Биылғы болжам бойынша 13800 оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

Аталмыш жиын барысында Роза Максимқызы 1-сыныпқа қабылдау туралы шарттар мен талаптарды да тұтасымен баяндап шықты. Ондағы айтылған дүниенің бәрі «Егов.кз» сервистік порталында тұрғандықтан тәтпіштеудің қажеті шамалы деп таптық. Біз негізінен сала маманының аузынан шыққан, таспаға басып алған дүниелерді айшықтап кетсек.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Мектепке қабылдауға өтінішпен  «Электронды үкімет» порталы арқылы үйден шықпай-ақ білім беру ұйымына жүгіне алады. Ата-аналар құжаттардың толық емес пакетін, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігін анықтаған кезде, сондай-ақ сынып жиынтықтарының шамадан тыс көп болған жағдайда білім беру ұйымы өтінішті қабылдаудан бас тартады, – деп түсінік берді журналистер қауымына.  Осы баяндамадағы «Шамадан тыс көп болған жағдайда» деген сөзіне зер салдық. Бүгінде облыстағы оқушылар саны Астана, Алматы, Шымкент секілді халық көп шоғырланған қалалармен салыстырғанда мүлдем төмен. Сондықтан да  аталған жайтқа сай облысымызда ешқандай мәселе туындамауы керек-ті. Десе де, болжамнан асып кеткен жағдайда, яғни 13800 оқушы емес, 20 мың бүлдіршін мектепке баруы қажет болса  қайтпекпіз?

– Стандартқа сай 25 оқушыдан айналатын бір сыныпқа 35 оқушыны қабылдау өзекті мәселенің бірі. Оқушылар сыныпта неғұрлым көп болған сайын білім сапасы едәуір төмендейді. Сондықтан шама келгенше болжалды мөлшерден асырмауға тырысамыз. Қажетіне қарай қабылдап, оқушы саны ұлғайып кетсе қабылдаудан бас тартамыз, – деген болатын баспасөз мәслихатында Роза Максимқызы.

Ал Ұлттық арнада берген сұқбатында елордалық мамандар 35 балаға дейін қабылдау білім сапасына әсер етпейтінін, ұстаздар қауымы барынша қанағаттандырарлық білім ұсынатынын жеткізген. Осындай ой қайшылығы туындаған екі тараптағы жиынды салыстыра келе, біз облыстық білім басқармасына сауал жолдауды жөн санадық. Алып шаһарлардағы білім басқармалары секілді оқушы саны көбейген жағдайда қандай амал жасамақ? Әлде баяндамада көрсетілгендей білім беру ұйымы өтініштерді қабылдаудан бастартпақ па? Облыстағы ата-аналар екіұдай күй кешпес үшін сала мамандарынан салмақты сауалға жан-жақты жауап күтеміз.

Фото: көрнекілікке алынды

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.