Талдықорған: +22°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«НЕ ӨЗІ ИГЕРМЕЙДІ, НЕ ХАЛЫҚҚА БЕРМЕЙДІ»: ҚЫЗЫЛАҒАШТАҒЫ ЖЕР ДАУЫ

19.01.2021
ӘЛЕУМЕТ
"НЕ ӨЗІ ИГЕРМЕЙДІ, НЕ ХАЛЫҚҚА БЕРМЕЙДІ": ҚЫЗЫЛАҒАШТАҒЫ ЖЕР ДАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан 10 жыл бұрын топан судан зардап шеккен Қызылағаш ауылының бүтін халқы наразылыққа шығып жатыр. Себебі, ауыл халқының сөзінше, ең шұрайлы, суармалы жерлері сатылып кеткен. 1420 гектар жердің сатылып кеткенін Ақсу ауданының әкімдігі де растап отыр. Бұл туралы «Жетісу» газеті 31-телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

Үкімет қызылағаштықтар егін ексін, күн көрсін деп платинаға 5,6 млрд теңге бөліп, салып берді. Құрылысы енді ғана біткен. Енді қызылағаштықтар мал бағып, егін егу үшін жер алайын десе, жер жоқ. Ал жердің сатылғана 7 жылдан асса да, кәсіпкер инвестициясын әлі құймаған көрінеді.

— Мына тоспаны бәленбай миллиард ақшаға тұрғызды. Ол тоспаны тұрғызған соң біз жер егуіміз керек. Ауылдың халқы қызығын көру керек. Ол жерді алады екен де, бірақ кәсіпкер келіп не игермейді, не өзі екпейді, не халыққа бермейді, — дейді Қызылағаш ауылының тұрғыны Сарқыт Салханов. Ал ауылдың тағы бір тұрғыны Тұрдыбек Батай: «Енді ауылдың кішкентай жеріне жабысатын жөні жоқ қой», — деп ашынды.

Соңғы санақ бойынша  Қызылағаш ауылында 2492 адам тұрады. 498  үй түтінін түтетіп отыр. Ал мал басына келетін болсақ, ірі қараның саны — 3235. Қой-ешкі — 16173. Ал жылқының саны — 555. «Биыл ауылда бір «телешка» шөп 70-80 мыңға дейін барды», — дейді ауыл тұрғындары. 

Жалпы 20 мыңға жуық малы бар ауыл халқы егер суармалы жерді халыққа берсе, малдың азығы жоңышқаны сол жерге егетін едік дейді. Ал халық сұрап отырған ауылдың іргесіндегі 1420 гектар суармалы жер осыдан жеті жыл бұрын жеке серіктестікке берілгенін шенеуніктер де растап отыр. Ал қазір олардың салына басталған кеңсесінен басқа ештеңе жоқ.

Аталған мәселеге қатысты Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Серік Құсмолдин пікір білдірді. «Агрохолдинг Ақсу» деген 2018 жылдан бері қазір учредительдері ауысты ғой. 2013 жылдан бері 1420 гектар «орошаемое пашня» дейді, сол кісілердің пайдалануында. Осы Қызылағаш ауылында 650 басқа сүт тауарлы фермасын саламыз деп инвестор ретінде келді. Жоба құны 2,5 миллиард, жергілікті 30 адамға жұмыс беріледі. Зауытты сәуір айында бастайды, аманшылық болса, бір жылдың ішінде салып бітетін шығар», — деді әкім орынбасары.

Әкімдік жеті жыл бойы кәсіпкерлер жерді су болмаған соң игере алмады дейді. Бөгет енді ғана салынып бітті әрі жерді алған серіктестік құрылтайшысы ауысты деп отыр. Ал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан заң бойынша игерілмеген жер мемлекет меншігіне берілуі керек дейді. «Мемлекет меншігіне баяғыда қайтарылуы керек еді. Өйткені заң сондай. Екі жыл игерілмей тұр ма, қайтарылуы керек. Біз тіпті сол мерзімді бір жылға дейін қысқарттық. Қазір бір жыл игерілмей тұрса, мемлекет меншігіне қайтарылуы керек», — дейді қоғам белсендісі М.Тайжан.

Мұхтар Тайжан ауыл белсенділерімен бірге осы мәселені көтеріп, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қабылдауында болды. Бірақ белсенділер зауыттың салынатынын, ал бізге басқа жер берілетінін айтты дейді. Дегенмен, олар бұл шешіммен келіспейміз деп отыр. Себебі, жұмыспен қамтылатын халықтың саны 30, ұзаса 70 адам, ал қалған халық қайтіп күн көреді деген сұрақ алаңдатады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

25.04.2026
«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026
Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.