Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Қолыңнан келмей ме орныңды босат»: оқушысы 400 ге әрең толатын ауылда мектеп 960 балаға арналған

08.04.2023
ӘЛЕУМЕТ
"Қолыңнан келмей ме орныңды босат": оқушысы 400 ге әрең толатын ауылда мектеп 960 балаға арналған

Бұндай қатаң ескерту Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ Қаратал ауданына жасаған іс-сапары барысында айтылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Аймақ басшысы 1970 жылы салынған орта мектептің күрделі жөндеу жұмысымен танысу барысында жауапты адамдарды сынға алды. Сенсеңіз, ақпан айында басталған Кәлпе орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысына 1,6 млрд. теңге бөлінген. Ал осынша мол қаржы жұмсалған 960 балаға арналған оқу ордасында мектепке дейінгі дайындықтағы бүлдіршіндерді қосқанда әрең 400-ге жуық оқушы оқиды.

Бұл жайтқа баса назар аударған облыс басшысы 60 пайзға жуық бос орынды меңзеп: «оны не істейсің?» деген сұрағына мектеп директоры жарытып жауап бере алмады. 

 — Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Кейбір облыстарда балалар үш аусымды мектепте оқып жүр. Ал мұнда 960 балаға арналған білім ошағында мектепке дейінгі бүлдіршіндерді қосқанда 400 бала ғана бар. 60 пайыз орын бос. Сондықтан, мектепті көрші ауылдың балалары қызығып келетіндей, дарынды балалар білім алатындай жасау керек. Ол үшін мектеп директорының нақты жоспары болуы шарт. Құрылысшыларға мына кабинетте домбырадан, қолөнер, биден үйірме ашамын, бөлмені былай жасаңыз деп тұруыңыз керек. Мен сізді жоспары дайын, тың идеялары бар шығар деп арнайы шақырдым. Сіз не жасайтыныңызды әлі білмейсіз. Келесі айда әкіміңізбен бірге келіп, нақты қандай жұмыстар атқарылатынын баяндаңыз, — деді Жетісу облысы әкімі.

Сонымен бірге, Бейбіт Исабаев мұндай үлкен нысанды үнемі күтіп-баптап ұстап тұру, жылту, техникалық жұмысшылармен қамту тағы басқа қажеттіліктерді өтеу үшін көп қаражаттың кететітін, жоспар тиянақты болмаса бұның бәрі босқа шығын болатынын ескертті. Ақыры құйылған қаржы ақталу үшін мектепті оқушымен толтыру мәселесі тұрғанын меңзеп, білім ордасының жауаптысынан қалай толтыруға болатынын сұрады. 

Алайда «үйірмелер ашамыз, ауылда өсім бар» деген сынды дәстүрлі жауаптан аса алмаған қызметкерге қанағаттанбаған әкім басқа амалын табуды, мәселен, мектеп оқытушыларының біліктілік сапасын жақсартып, тіпті гимназия деңгейіне көтеру керектігін айтты. Сонда ғана жақын ауылдардағы білімге құштар балалар есебінен білім ордасы толығатынын ескертті.

«Қолыңнан келмей ме, жаңа оқу жылына дейін орныңды босатып бер. Орныңа идеясы бар басқа адамды қоялық. Мен жай айтпаймын», — деді ол. 

Айта кетейік, мердігер «Sheberbuld» ЖШС-і құрылысты тамыз айында аятамақ. Мұнда 73 адам және 3 бірлік техника жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстары уақытылы, кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Құрылыс бойынша бөлшектеу, қабырғаларды арматуралау 70%, 1-қабаттағы іргетасты бетондау 65%, 2, 3-қабаттағы кірпіштен ішкі бөлімдерді қалау 65%, ішкі қабырғаларды сылау 15%, электр сымдары бойынша жұмыстар  80% аяқталған. 3 қабатты ғимарат 6 блоктан тұрады (оқу блогы, спорт зал, әкімшілік блогы).

РЕДАКЦИЯДАН: ӘКІМНІҢ АТАЛҒАН АУДАНҒА ІС-САПАРЫНАН АЛДА ТОЛЫҚ МАТЕРИАЛ ҰСЫНЫЛАДЫ. 

Қозыбай ҚҰРМАН

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.