Үштөбе қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметін күшейту мақсатында «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру» мобильдік тобының отырысы өтті.
Қаратал аудандық прокуратураның аға прокуроры Е. Құсмолдановтың және аудан әкімінің орынбасары А. Оңғаровтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық полиция бөлімі, пробация бөлімі, қала және ауылдық округ әкімдері, білім, денсаулық сақтау салаларының мамандары, мектеп директорлары, психологтар, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты – «Жанұя» отбасын қолдау орталығының әлеуетін тиімді пайдалана отырып, аудан аумағында отбасылармен жүргізілетін жұмысты жүйелеу. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және дер кезінде көмек көрсету. Жиында отбасы институтын нығайтуға, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған нақты жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, отбасылардың әл-ауқатын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-ана жауапкершілігін күшейту және балалардың қауіпсіз, қолайлы ортада өсуіне жағдай жасау мәселесі кеңінен айтылды.
А. НАЗАРҰЛЫ
Қаратал ауданы





