2025 жылдың басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 304,8 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Ведомствоның дерегінше, биылғы қаңтар-маусым айларында осындай жәрдемақыларды орта есеппен 867,4 мың отбасы алып отыр. Оның ішінде 623,5 мың көпбалалы отбасыға 44,8 млрд теңге, ал 243,9 мың наградталған анаға 6,5 млрд теңге төленген.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
2025 жылғы төлем мөлшері бала санына қарай белгіленген:
-
4 балаға – 63 030 теңге;
-
5 балаға – 78 798 теңге;
-
6 балаға – 94 565 теңге;
-
7 балаға – 110 332 теңге;
-
8 және одан көп бала үшін – әр балаға 15 728 теңгеден.
Сонымен қатар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға да жәрдемақы қарастырылған. Қазіргі мөлшері:
-
«Күміс алқа» үшін – 25 165 теңге;
-
«Алтын алқа», «Батыр ана» және «Ана даңқы» үшін – 29 097 теңге.
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.
«Жетісу-Ақпарат»





