Талдықорған: +2°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СЭС: ЕСКЕЛДІЛІКТЕР 12 ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕЙДІ

7 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТ
СЭС: ЕСКЕЛДІЛІКТЕР 12 ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановтың облыстағы сапары Ескелді ауданында жалғасты. Өңір басшысы Бағлан Танекенов құрметті қонаққа аймақтағы негізгі құрылыс нысаны – Шажа өзені бойынан салынып жатқан су электр стансысын көрсетіп, Қарабұлақтағы жаңа «Радуга» балабақшасы мен Г.Титов атындағы орта мектеп ішінен ашылған IT сыныбын таныстырды.

Шажа өзенінің сағасында жаңа су электр стансысының құрылысы 2018 жылдың қазанында басталды. Жоспар бойынша 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады. Қуаты – 25,8 МВт. Бүгінде бұл жерде 300-ге жуық адам жұмыс істеп жүрсе, бекет іске қосылғанда тағы 25 адамға тұрақты қызмет ұсынылмақ. Стансы қызметіне кіріссе, ауыл-аймақтағылар арнайы төменгі тариф бойынша 12 теңгеден төлейді.

— Елбасымыз баламалы электр көздерімен жұмыс істеуді, жасыл экономикаға байланысты кіші, орта су электр стансысын салуды тапсырған болатын. Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі осы – Шажа су электр стансысы. Бұл келешекте туристік орталықтардың, сауықтыру орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Елбасы тапсырмасын облыс ойдағыдай орындап жатыр деп айта аламын, – деді Әбдіманап Елікбайұлы.

Одан кейін депутат «Хильченко және К» серіктестігі 2018 жылы салған екі қабатты «Радуга» балабақшасына бас сұқты. Бұл мекемеде 19 қызметкер істесе, төрт топқа бөлінген 100 бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшаның кіріс-шығыс есебі түгел жеке шаруашылық мойнында. Ғимарат ішіндегі кең спорт залы дене шынықтырып қоймай, би үйірмесін ұйымдастыруға да қолайлы.

Халық қалаулысы аудандағы сапарын Г.Титов атындағы орта мектепте аяқтады. Білім ордасының ішінен ашылған IT сыныбын көріп, оқушылар құрастырған роботтарға ризашылығын білдірді.

Серік ҚАНТАЙ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.