Талдықорған: +25°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ШАРТТАРЫ ЖЕҢІЛ»: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

18.08.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ШАРТТАРЫ ЖЕҢІЛ": БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі – «Шаңырақ» пилоттық жобасы арқылы баспана алу үшін өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құрманғалиев «Жетісу медиа» ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айттты.

Аталған бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген. Сондықтан, әрбір қазақстандық бағдарламаның шарттарына сәйкес, баспаналы болуға толықтай құқығы бар.

Жиында Жасұлан Құрманғалиев пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінгенін, оның 90 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түскенін айтты.

–  Мемлекет басшысының тапсырмасына  орай жүзеге асып жатқан бағдарлама аясында шамамен 7-8 мыңдай отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең, жеңілдетілген заемды алу үшін бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына займ мөлшерінің 10 пайызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. «Шаңырақ» жобасының аясында жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін банктің «Шаңырақ» жобасын одан әрі несиелендіруге қажетті қаражаты болған жағдайда, бағдарламаның екінші кезеңіне әкімшілік кезегіне кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 101 мың 271 теңгеден аспауы тиіс. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады, – деді баяндамашы.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі Алматы қаласында 240 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 220 мың теңгеге дейін жетеді. Шымкент, Алматы қалаларының  маңындағы аймақтарда 200 мың теңгеге болса, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 180 мың, ал  басқа өңірлерде оның ішінде, Талдықорған қаласында 160 мың теңге деп белгіленген.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін 2020 жылдың 17 тамызынан 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта тек қана hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұтынушыларына да, банктен салым ашып, тұтынушылар қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банк өкілдері бағдарламаға қатысатын азаматтардың назарына  негізгі 6 қадамды ұсынды.

1-қадам: www.hcsbk.kz банк сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй/»Шаңырақ» пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

2-қадам: Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несиелендіру шарттарыны мен бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады;

3-қадам: Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу;

4-қадам: Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

5-қадам: Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар), сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау;

6-қадам: Банктен заем алу!

Ең бастысы заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10 пайызынан кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек. Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

22.04.2026
Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

22.04.2026
Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

22.04.2026
Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

22.04.2026
Бүгін жеті қалада қолайсыз экологиялық жағдай күтіледі

Бүгін жеті қалада қолайсыз экологиялық жағдай күтіледі

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.