Талдықорған: -1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СӨРЕЛЕР АШЫЛДЫ

24 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТ
СӨРЕЛЕР АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы дүкендерде қолжетімді бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылатын «әлеуметтік сөрелер» орнатыла бастады. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамының мәліметінше, қазіргі таңда аталған қала және Өтенай ауылы дүкендерімен төрт агенттік келісім жасалды.

Аталған төрт дүкенде облыстың тұрақтандыру қорының өнімдері белгіленген баға бойынша сатылуда. Олардың қатарында құмшекер, күнбағыс майы, күріш, кеспе, картоп және пияз бар. Отандық өнімдер жоғары сапалылығымен және қолжетімді бағамен ерекшеленеді. Бұл азық-түліктерді дүкендерден «Әлеуметтік маңызды тауарлар» атты арнайы бұрыштан табуға болады.
– Әлеуметтік сөрелердің ашылуы – әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасын ұстап тұру шараларының бірі. Бұл тауарлар тұрақтандыру қорының қоймалары және апта сайын Талдықорған қаласының коммуналдық базары арқылы сатылады. Жалпы облыстың тұрақтандыру қоры 2015 жылдан бастап 10 991,2 тонна азық-түлік тауарларын сатып алды, оның 7283,6 мың тоннасы өткізілді. Қазіргі кезде қорда 3707,6 тонна өнім қалды, – дейді «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Альмира Ыбрайымова.
Сондай-ақ, «Жетісу» ӘКК облыстың 52 наубайханасымен бірінші сұрыпты бидай ұнын жеткізу жөнінде агенттік келісім жасады. Қазіргі кезде наубайханаларға 3 мың тоннадан аса ұн жөнелтілді. Наубайханаларға ұнды жеткізу өткен жылдың қарашасында басталған болатын. Биылдың мамырына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге ұн бір келі үшін 90 теңге бағамен берілді. Соның арқасында нанның бағасы 85 теңгеден аспайды. ӘКК әлеуметтік бағдарланған дүкендер желісін кеңейту жоспарланып отырғаны да аталып өтті. 
– Біз бірнеше жыл бойы сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысып келеміз. Сондықтан тұрғындар үшін азық-түлік бағасының қолжетімді болуының маңыздылығын жақсы түсінеміз. Жақында «Жетісу» ӘКК-мен агенттік келісім жасасып, дүкенімізде әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатуды бастадық. Өнімдердің бағасы сатып алушылар үшін қолайлы, – деп атап өтті «Талмурзин» ЖК директоры Ерлан Талмурзин.
Дүкендердің мекенжайы: Талдықорған қаласы, Пушкин көшесі, 239 «А», «Санжар», Өтенай ауылы, Бейбітшілік көшесі 2/1, «Айзере», Абылай хан көшесі, 113, «Әлеуметтік дүкен», Гаухар ана көшесі, 110/112, «Дильназ» дүкендері.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.