Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Талғар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (әкімдік) қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.
Талғар ауданы тұрғындарының өтініштерін қарау барысында Талғар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинаудың орталықтандырылған жүйесі жұмыс істейтіндігі анықталды. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органмен ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс (тендер) өткізілмеген. Сонымен қатар, жергілікті өкілді орган бұл қызмет түрінің тарифін де бекітпеген.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган конкурс (конкурс) арқылы ұйымдастырады, ал тарифті жергілікті өкілді орган бекітеді.
Әкімдікпен конкурс (тендер) арқылы орталықтандырылған жүйе ұйымдастырылмағандықтан, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын нарық субъектілері конкурсқа қатыса алмаған және сәйкесінше қызмет көрсете алмады.
Анықталған бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау үшін конкурс (тендер) өткізу қажеттілігі туралы және жергiлiктi өкiлдi органға ТҚҚ тарифiн бекiтуге ұсыныс енгізу туралы аталған әкімдікке хабарлама жіберді.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»





