Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласында мектеп оқушыларына арналған «Кибер Тұмар» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Жетісу облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті және республикалық «Қазақстан балалары» акциясы аясында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Оқушылар не үйренді:
-
ХҚО-ның қызметімен және өз-өзіне қызмет көрсету секторының жұмысымен танысты;
-
Онлайн қызметтерді өз бетінше қалай алуға болатынын меңгерді;
-
«ЦОН» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен танысты;
-
Электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызын түсінді;
-
Киберқауіпсіздік негіздері мен мықты құпиясөздердің қажеттілігін білді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Олар Мемлекеттік корпорация қызметі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы шолу курсын аяқтағандарын растайды.
Іс-шара Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.
«Жетісу-Ақпарат»