Талдықорған: +29°C
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Талдықорғанда тегін IT-мектеп ашылды

25.08.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда тегін IT-мектеп ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда бағдарламалау мен жасанды интеллектіні тегін меңгеруге мүмкіндік беретін «Tomorrow School» мектебінің өңірлік кампусы жұмысын бастады. Енді Талдықорған жастары заманауи цифрлық білім алу үшін басқа қалаға аттанбай-ақ, халықаралық деңгейдегі жаңа дағдыларды өз өңірінде меңгере алады.

Цифрлық технология күн сайын жаңарып, жасанды интеллект қоғамның барлық саласына енген кезеңде IT мамандарына деген сұраныс та артып келеді. Осындай өзгерістер жағдайында жастарға жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік беретін білім беру алаңдарының маңызы ерекше. Осы бағыттағы бастамалардың бірі – Жетісу облысында ашылған «Tomorrow School» мектебі.

Өңірлік кампус облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Jetisu Digital» IT хабының қолдауымен «Жетісу жастары» орталығының базасында іске қосылды. Мұнда 50 компьютер толық жабдықталып, оқу үдерісіне қажетті бағдарламалар орнатылған. Жыл соңына дейін 1,5 мың адамды оқыту жоспарланып отыр.
«Tomorrow School» жобасы 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Astana Hub» базасында құрылған. Бастапқыда елордалық жоба ретінде қолға алынған бастама бүгінде өңірлерге де жол тартты.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темірбаевтің айтуынша, Жетісудағы кампус 15 жастан асқан азаматтарға бағдарламалау мен жасанды интеллектіні тегін әрі практикалық тұрғыда үйренуге мүмкіндік береді.

– Бұл жерде IT саласында алдын ала тәжірибенің немесе бейінді білімнің болуы талап етілмейді. Қатысушылар бағдарламалау мен жасанды интеллектіні нөлден бастап меңгере алады. Мектеп тәулік бойы, 24/7 режимінде, төрт лек бойынша жұмыс істейді. Сабақтар 28 қыркүйекте басталады, – дейді ол.

Мектепке қабылдау да дәстүрлі талаптарға негізделмейді. Қатысушы tomorrow-school.ai сайты арқылы тіркеліп, кампусты таңдап, өтінім толтырады. Одан кейін есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлауды тексеретін екі онлайн ойыннан өтеді. Іріктеуден өткендер төрт апталық интенсивтік курсқа шақырылады. Ал оның қорытындысы бойынша үздік қатысушылар 18 айлық негізгі бағдарламаға қабылданады.

Оқу барысында бағдарламалау мен жасанды интеллект бағытында 50-ден астам практикалық жоба орындау көзделген. Бұл қатысушыларға теорияны жаттап қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Мектеп жетекшісі Айгерім Шаймерденованың айтуынша, мұндай формат жастардың өздігінен білім алу, командада жұмыс істеу және мәселені шешу қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Жобаның алғашқы қатысушыларының бірі – Гүлсім Мұхтар үшін «Tomorrow School»-дың Талдықорғанда ашылуы – көптен күткен мүмкіндік.

– IT саласына бұрыннан қызығамын. Бірақ оқуды неден бастау керектігін түсіне бермейтінмін. Мені мұндағы практикаға және нақты жобалар арқылы білім алуға негізделген оқу форматы қызықтырды. Ең бастысы – енді мұндай мүмкіндік Талдықорғанда да бар. Заманауи цифрлық білім алу үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ, – дейді ол.

Ал жоба қатысушысы Заңғар Ерғали жасанды интеллектіні меңгеру жастардың болашақ мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Кампустың ашылуы тек жаңа оқу орнының іске қосылуы емес, Жетісудың цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған нақты қадам деуге болады. Себебі IT саласына қызығушылық танытқан жастардың көпшілігі үшін негізгі мәселе – қабілеттің жоқтығы емес, сапалы білім мен тәжірибеге қолжетімділіктің шектеулі болуы. «Tomorrow School» осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Тегін оқу, практикалық жобалар, командалық жұмыс және ұзақмерзімді бағдарлама жастарға IT саласында алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік береді.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

25.08.2026
Электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

Электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

25.08.2026
Әншілер 400 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

Әншілер 400 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

25.08.2026
Прокуратура жол қозғалысын бақылауға алды

Медтексеруден өтпесе, көлік жүргізу құқығынан айырылады: Жаңа тәртіп кімдерге қатысты?

25.08.2026
Талдықорғанда тегін IT-мектеп ашылды

Талдықорғанда тегін IT-мектеп ашылды

25.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.