Талдықорған: +22°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖАЛҒАН СТАТИСТИКАМЕН ӨЗ-ӨЗІМІЗДІ АЛДАМАЙЫҚ — ЖЕТІСУДЫҢ ӘКІМІ

05.09.2022
ӘЛЕУМЕТ
ЖАЛҒАН СТАТИСТИКАМЕН ӨЗ-ӨЗІМІЗДІ АЛДАМАЙЫҚ - ЖЕТІСУДЫҢ ӘКІМІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Текелі қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, қала әкімі лауазымына ұсынылған кандидатты таныстырды. Депутаттардың келісімен Алмас Әділ моноқаланың әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көксу ауданын басқарған. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сессиядан кейін Бейбіт Исабаев қала активіне жаңа әкімді таныстырды.

Текелінің бұрынғы әкімі Батыр Молдахметов әріптестеріне, қала тұрғындарына, ақсақалдар мен қоғам белсенділеріне қоян-қолтық бірге жұмыс істегендері үшін ризашылығын білдірді. Сол сияқты өңірдегі маңызды жобаларды іске асыруда қолдау көрсеткен облыс басшылығына да алғыс айтты.

Өз кезегінде Алмас Әділ өзіне артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Бейбіт Исабаев облыс көлеміндегідей әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар Текелі қаласында да жүріп жатқанын атап өтті. Дегенмен қалада күні бүгінге дейін шешілмей келе жатқан жүйелі проблемалар бар екенін де жасырмады. Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын тұрғын үймен қамту, соның ішінде апатты үйлердің мәселесін шешу — негізгі міндеттердің бірі. Бұл ретте тұрғындарды көшіру жұмыстары әзірге аяқталмаған, апатты үйлердің орнына салынатын баспана құрылыстарына қажетті жер учаскесі анықталмаған. Алмас Әділге осы мәселені бақылауға алу тапсырылды.

Әсіресе жаз маусымында ауыз судың жетіспеушілігі моноқалада үлкен мәселеге айналып отыр. Бұл проблеманы шешу үшін қаланың жоғарғы жағынан 4 ұңғыма қазылған. Енді инженерлік желілердің құрылысын, сумен қамту магистралды желілерін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру керек.

«Бұл мәселенің өзектілігін ескере отырып, осы жұмысты 2024 жылға дейін созбай, келесі жылдың соңына қарай аяқтауды тапсырамын. Сондай-ақ жаңа әкім қоқыс полигонын орналастыратын учаскені анықтауы керек, себебі қазір қалдықтар Текеліден Талдықорғанға тасымалданула. Бұлай болмайды. Қазір ТЭН дайындалып жатыр, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлінді», — деді Б.Исабаев.

«Достық» шағын ауданын газдандыру жұмыстары да аяқталуға тиіс. Мұнда мердігер компания өзіне жүктелген істі соңына дейін жеткізбеген. «Бұл мәселені біз тұрақты бақылауға алдық. Мердігер барлық олқылықтарын орнына келтіріп, тиісті жұмыстарды толыққанды аяқтайтын болады», — деп сендірді облыс әкімі.

Оған қоса Бейбіт Исабаев туризмді дамыту, салаға ірі инвесторлар тартуды жандандыру қажеттігін айтты. Шағын және орта бизнесті дамытуға, әлеуметтік нысандарды сейсмикалық жағынан күшейтуге де назар аудару керек екенін тілге тиек етті. Нәресте өлімінің себептерін анықтап, мұндай жайттарға жол бермеу керектігі де ескертілді.

— Ел Президенті біздің алдымызға халықтың әл-ауқатын арттыру мен өмір сапасын жақсарту туралы міндеттер қойып отыр. Ол үшін әрқайсымыз білікті, адал еңбек етіп, әділетті болуға тиіспіз. Есеп беру үшін жұмыс істеп, қағаздағы сандарды алданыш етуді қою керек. Жалған статистикамен өз-өзімізді алдап, мемлекеттің дамуына, ортақ болашағымызға кедергі келтіреміз. Бірінші кезекте сапалы ауызсу, медицина мен білім берудің сапасын арттыру, жақсы жол, тұрақты жұмыспен қамту – біздің басты міндетіміз, — деді Бейбіт Исабаев.

Сол сияқты облыс әкімі Батыр Молдахметовтің мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі Жетісу аймағын одан әрі дамытуда кәдеге жаратылатынын да айтты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 4 қап балық тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Жетісуда 4 қап балық тасымалдаған жүргізуші ұсталды

28.04.2026
Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

28.04.2026
Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.