«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылдың жазғы кезеңіне орай 11 қосымша пойыз бағытын іске қосатынын хабарлады. Бұл шара жолаушылар ағынының артуына байланысты қабылданып отыр. Жаңа бағыттар маусым мен қыркүйек айлары аралығында жүзеге асады.
Пойыз бағыттарының жаңартылған кестесі:
«Тальго» пойыздары:
-
№253/254 Астана – Достық – аптасына 2 рет;
-
№207/208 Алматы – Жалаңашкөл – белгіленген күндерде;
-
№211/212 Алматы – Достық – күнара.
Стандартты пойыздар:
-
№221/222 Алматы – Достық – аптасына 3 рет;
-
№457/458 Семей – Достық – күнара;
-
№459/460 Өскемен – Достық – күнара.
Тіркемелі вагондар (платформалық қосымша вагондар):
-
Алматы – Достық – күнара;
-
Қызылорда – Достық – күнара;
-
Павлодар – Достық – күнара.
Күн сайын жүретін пойыздар:
-
№201/202 Астана – Алматы;
-
№203/204 Астана – Шымкент.
Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, бұл қосымша бағыттар арқылы 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдау жоспарлануда.
Билеттерді сатып алу:
-
bilet.railways.kz ресми сайтында;
-
Теміржол вокзалдарындағы кассаларда (жолға шығуға 45 күн қалғанда қолжетімді болады).
Қосымша ақпарат алу үшін:
-
tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақта;
-
1433 нөміріндегі колл-орталық;
-
WhatsApp: +7 776 714 5686.
«Жетісу-Ақпарат»