Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.11.2022
ӘЛЕУМЕТ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талап күшті болғанда тындырымды істің нәтижесі өздігінен көрініс береді. Кешегі 30 жылда жіберген олқылықтардың салдарынан, жауырды жаба тоқыған саясаттың нәтижесінде халықтың жанайқайын тудырған келеңсіздіктер орын алды.

Бір ғана Талдықорғандағы тұрғын үйлерге қатысты даудың өзі адамның жамалына от жаққандай ұялтатын дүние болып тұр. Жаңа Қазақстанның сүрлеу-сүрдегінде, дара даңғылында әрбір мәселе өз шешімін табуы керек. Сол үшін біз жұртшылықпен кездесіп, әрбір көтерілген жайттың жауабын қарастырып, көшімізді даму даңғылына бұруға тиіспіз.

Осылай деп сөз саптаған Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Талдықорған халқының мұң-мұқтажын, шағым-тілегін тыңдады.

Дәстүрлі кездесудің алдында аймақ басшысы өтініші бар жекелей азаматтармен арнайы жолықты. Қабылдауға бірқатар басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен мәслихат депутаттары, журналистер қауымы да қатысты. Ең алдымен өркенді өңір басшысына талап-тілегін жеткізген зейнеткер Толқын Баянбаева пәтерін жекешелендіріп беруді сұрады. 97 жастағы кейуанасы бар, 25 шаршы метрлік үйді сонау 1992 жылы берілгеннен бүгінге дейін жекешелендіре алмай келе жатқанын жеткізді. Өз кезегінде Кауия Ускембаева қала аймағынан үй салуға жер телімін сұраса, өзге азаматтар да әлеуметтік мәселе бойынша әкімге өтініштерін білдірді. Облыс басшысы қабылдауда көтерілген мәселелердің заң аясында қарастырылатынын айта келе, орындалуын жеке бақылауға алауға уәде етті.

Мәдениет сарайындағы кездесуде баяндама жасаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысы Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен жүздесуде  облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласына қатысты нақты тапсырмалар бергенін, суармалы егіншілікті дамыту үшін суару желілерін қалпына келтіріп, жаңартуды жүктегенін жеткізді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан 100 мың гектар жайылымдық жерді мемлекеттік меншікке қайтару, облыстағы екі қант зауытының 100 пайыз жүктемесін қамтамасыз етіп, онда шығарылатын ақ қант көлемін 2026 жылға дейін 180 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланғанын атап өтті. Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық салаларындағы, ауыл шаруашылығы мен туризм бағыттарындағы жоба-жоспарларды айшықтап, атқарылар іс пен нәтижелі жетістіктерді тілге тиек етті. Осылайша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі мәселелерін қысқаша баяндаған облыс басшысы Талдықорған қаласының тыныс-тіршілігіне, әлеуетіне де тоқталды.

– Талдықорған қаласының облыстағы индустриялық әлеуеті үлкен. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бойынша қаланың облыстағы үлесі 43 пайыз. Алайда, жыл басынан «Қайнар» аккумулятор зауытының өндірісі 19 пайызға, «Метакон» кәсіпорнының өндірісі 24 пайызға, «Когер ЛТД» құс фабрикасында жұмыртқа өндірісі 15 пайызға  төмендеген.  Өздеріңіз білетіндей, қаланың өнеркәсіптік әлеуетін және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін 2007 жылы «Талдықорған» индустриялық аймағы құрылды. Индустриялық аймақты қажетті инженерлік инфрақұрылыммен жабдықтау үшін 4,4 млрд.теңге жұмсалған. Ал бүгінге оның аумағында тек 6 өнеркәсіптік кәсіпорын орналасқан, – деген Бейбіт Өксікбайұлы шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға кедергі болып отырған сан салалы жайттарды, атқарылуы керек іс пен шешімін табуға тиіс жағдайларды егжей-тегжейлі термелеп өтті. Қолға алынған жоспарлар мен бірегей бастамаларды да айшықтады.

Облыс басшысының толғақты да толымды баяндамасынан кейін шаһар тұрғындары сөз алып, көкейде күлбілтеленіп жатқан сауалдарын жаудырды. Қоғамдық, әлеуметтік мәселелер бойынша қойылған сауалдар қатарында ең алғашқы болып Абай ескерткішінің қаланың қай маңына, қашан орнатылатыны сұралды. Ұлы ақынның тұғыртасын орнату шарасына бюджеттен 300 млн. теңге бөлініп, 9 метрлік еңселі ескерткіш қашалып жатқанын жеткізген аймақ басшысы зиялы қауыммен ақылдасқаннан кейін облыс орталығының ең көрнекті жерінде заңғар тұлға тұғыр тебетінін атап өтті.

Жиын барысында мүгедектерді таситын «Инватаксидің» ескіргені, автотұрақтардың жарамсыздығы, шаһар маңындағы саяжайлардағы күрделі мәселелер, лайсаң жол мен жылу, су құбырларының ескіру салдарынан тұрғындардың ілдәлдап күн кешіп жатқаны сынды күн тәртібіндегі өзекті дүниелер қозғалды. Сонымен қатар, тұрғын үйлерін заңдастыра алмай жүрген, жекешелендіре алмай сабылған жұрттың жанайқайы да қайта-қайта жаңғырды. Жалпы, 5 сағатқа созылған, 100-ден аса сауал көтерілген жиында облыс әкімі әрбір жайтқа жіті мән беріп, өзекті мәселелерді шешу үшін жауапты басқармалардың басшыларына, Талдықорған  қаласының әкімі Әсет Масабаевқа арнайы тапсырма берді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Талдықорған қаласы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.