Талдықорған: +27°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БІРНЕШЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

16.11.2022
ӘЛЕУМЕТ
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БІРНЕШЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жұмыс берушілер күніне орай Талғар политехникалық колледжінде «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Білім беру процесін жақсарту, әріптестік пен тәжірибенің мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында өткен шараға 25 әлеуметтік серіктестік өкілі қатысты. Жалпы, облыс бойынша Жұмыс берушілер күніне орай бірнеше меморандумға қол қойылып, жаңа келісімшарттар жасалды.

Жиында Талғар политехникалық колледжінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Райхан Садықова сөз сөйлеп, әлеуметтік серіктестіктермен тығыз байланыс орнату, жаңа серіктестер қатарын ұлғайту және корпоративтік басқару туралы үшжақты келісімді жаңалау, түлектерді жұмыспен қамту, өндірістік тәжірибе сапасын арттыру міндеттері жайлы баяндады.

Конференция жұмысына колледждің әлеуметтік серіктестіктері КПК «ZETA», «Clotwell», «Texti Market», «Glasman», «Maki- Maki» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен қатар, жеке кәсіп иелері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Жиында жастардың өндірістік тәжірибеден өтуін қадағалаудың маңыздылығы қозғалды. «Студенттер мамандықты меңгеруге құлықты, ынтасы зор болуы керек», – деген «Glasman» ЖШС өкілі Юлия Бочарова жақсы маман болу үшін оқумен қатар практиканы үзбей ұштастыру қажеттігін айтты.

— Үш жыл аспаз мамандығын оқып, өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттердің кейбірі қолына пышақ ұстауды білмей жатады. Менің ойымша колледж қабырғасында кәсіпке даярлауда салғырттық бар сияқты. Сондықтан шеберлік сабақтарын ұйымдастырудың тиімділігі зор, – деді «Маки-Маки» суши-бардың бас аспазы Бағлан Нұрғали.

Конференцияға қатысқан өзге де кәсіпорын жетекшілері жастардың өз ісіне деген қызығушылығын мектеп жасынан оятып, ата-аналар тарапынан түсіндірме жұмыстар жүргізілу керектігі туралы ойларын ортаға салды.

Жұмыс берушілер күніне орай түс ауа Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде де «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Онда облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы бойынша өкілі Қуандық Сағатбекұлы баяндама жасап, еңбек нарығы, кәсіпкерлікті дамыту, маман даярлау тақырыбында тәжірибе бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша туындап отырған кедергілердің шешу жолдарын әңгімеледі.

Айта кетерлігі, Жұмыс берушілер күніне орай облыстағы 43 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, оған 136 жұмыс беруші мен 8200 студент қатысты. Сонымен қатар, кәсіпорындармен 5 меморандумға қол қойылып, 20 келісімшарт жасалды. Шара аясында Алматы облысы бойынша 41 кәсіпкер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, 14 кәсіпкер облыс әкімдігінің, 19 кәсіпкер білім басқармасының Алғыс хат, грамоталарымен марапатталды.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.