Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

7-su.kz/Мәулен Әнербай

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен кезекті брифингте Жетісу облысының тұрғындары үшін маңызды жаңалық жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Әсем Байқаш сөз сөйлеп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты рақымшылық шараларының басталғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2026 жылғы 1 шілдедегі № 329-VIII Заңы еліміздегі гуманизм қағидаттарын нығайтуды көздейді. Аталған құжат 2026 жылғы 2 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енді.

Брифинг барысында Әсем Тұрарбекқызы жаңа заңның мән-жайы туралы:

«Осы Заң Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты, ізгілік қағидаты басшылыққа алынып қабылданды. 2026 жылғы 2 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға рақымшылық жасау науқаны ресми түрде басталды. Рақымшылық шарасы алты ай бойы, яғни 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында белгіленген талаптарға сай келетін азаматтар мен кәсіпкерлер салынған айыппұлдардан босатылуға мүмкіндік алады», – деп  түсіндіріп өтті.

Заңның 7-бабына сәйкес, әкімшілік жазадан немесе оның орындалмаған бөлігінен босатылатын тұлғалардың нақты тізімі бекітілген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар), дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген бизнес субъектілері және жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен заң консультанттары бар.

Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мәселелерге тоқталсақ, жеңілдік негізінен екі ірі бағытты қамтиды. Олар – салық салу саласындағы (16-тарау) және кеден ісі саласындағы (29-тарау) әкімшілік құқық бұзушылықтар. Егер тұлғаға салынған айыппұл осы уақытқа дейін тек ішінара төленген болса, рақымшылық оның қалған, яғни төленбеген бөлігіне ғана қолданылатынын ескеру қажет. Тиісінше, мұндай істер бойынша атқарушылық өндірістер де тоқтатылады.

Дегенмен, рақымшылық барлық құқық бұзушылыққа бірдей қолданыла бермейді. Заңның 8-бабында жеңілдік берілмейтін жағдайлар нақты көрсетілген. Мәселен, егер әкімшілік жаза сот шешімімен салынған болса, ол рақымшылық аясына ілікпейді. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 897-бабы бойынша айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама алып, онымен келіскен тұлғалар да бұл тізімнен тыс қалады.

Сонымен қатар, қоғам үшін қауіпті немесе ерекше сипаттағы құқық бұзушылықтар бойынша (мәселен, 275, 277, 278, 281-баптың 7-тармағы, 464, 571, 590-баптың 8, 10-тармақтары және т.б.) жазадан босату қарастырылмаған.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазірдің өзінде рақымшылық актісін іс жүзінде қолдануды бастап кетті. Бүгінгі таңда өңірде 49 салық төлеушіге қатысты әкімшілік жазаны орындау тоқтатылды.

«Қазіргі уақытта облыс бойынша жалпы сомасы 3 051 840 теңгені құрайтын айыппұлдар бойынша рақымшылық жасалды. Оның ішінде 26 жеке тұлғаға 1,8 миллион теңгеден астам сомаға, ал 23 дара кәсіпкерге 1,1 миллион теңгеден астам сомаға жеңілдік жасалып, олар әкімшілік жазадан босатылды», – деп атап өтті Әсем Тұрарбекқызы.

Спикер рақымшылықтың мақсаты жазалау емес, азаматтарға қолдау көрсету және құқықтық жеңілдік жасау екенін айтты. Сондықтан орындалмаған әкімшілік айыппұлдар болса және олар Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын болса, 2027 жылдың басына дейін мәртебені тексеріп, осы мүмкіндікті пайдалануға болады.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Елдік дәстүрдің өзегі

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.