Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Көктеректе құсшы бар тәуекелге бел буған

11.01.2026
АЛТЫН ҚОЛ
Көктеректе құсшы бар тәуекелге бел буған

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қалауын тапса, қар жанар» дейді қазақ. Бір істің ебін тауып, дараланған жанның тірлігіне айтылған сөз болуы керек. Әйтпесе, қар төркіні су, ал су жанушы ма еді?! Су да, мұз да, қар да жанады. Тек қалауын тапса. 2026 жылдан бастап, тыңнан түрен салып, тың кәсіп бастаған, өнім шығаруды қолға алған жетісулық кәсіпкерлер жайында тың айдар аштық. «Екі қолға бір күрек» ұстау екінің бірінің қолынан келеді. Ал кәсіп бастау, оны өрістету талайлардың ойында жүргенмен, жүзеге асып жатпағаны шындық. Бір анық, кәсіп бастаған жанға демеу керек, қолдау қажет. Сол мақсатта «Jetіsý» газеті «Жетісуда жасалған» атты жаңа айдарды қолға алдық. Тәуекелді серік етіп, қамсыз қалмауға ұмтылған жаңа өнім шығарушыларды тек таныстырып қоюды мақсат қылмадық.

Әйгілі Рэй Крок: «Тәуекелі жоқ адам кәсіпкерліктен кетуі керек», – депті. Айтылуында зілі жоқ, «айғайлайтындай ұрансыз сөзді айтқан ол кім?» деген сауал тұр санаңызда, сеземіз! Әйгілі дедік қой, әлемнің әр елінде McDonalds мейрамхана желісін ашқан кәсіпкер, жазғаны уақыт үдерісімен үндескен «Time» журналының пайымынша жер шарындағы «Даңқты 100 адамның» қатарына кірген. Ал сөзі мынау дей көрмеңіз. Қазақтың «Тәуекел тау жығар» ұлағатымен үндесіп тұр. Шынында, бір кәсіп бастау үшін тәуекел қажет. Ал нар тәуекелі жоқ кей замандас «Бірдеңе істеу керек еді» дегенмен әлі жүр.

Азғантай ойды мидың мың қатпарында тулатқан бір жерлесіміз бар. Өңірде бар шығар, бар болғанның өзінде мұндай ауқымдысы жоқ бір кәсіп бастаған. Есімі – Дархан Жаманбаев. Ол – күркетауық өсірумен айналысады.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Е, бұл құсты кім өсірмейді, талайлар 100-ге жуығын ауласында өрбіткен дей көрмеңіз. Біздің кейіпкер 1000 данасын өсірген. Санамалаңыз, бақандай мың түйірін. Сіз көрген күркетауық 5-7 келі көлемінде ет беретін құстар болар, ал Дарханның құстары берісі 15 келі, әрісі 30 келіге дейін өнім береді. Оның құстары бар-жоғы 6 айда осындай салмақ жинайды. күркетауықтың бройлер бағытындағы «Биг-6» және «Бронза-708» деп аталатын тұқымдары.

– Әу баста тың кәсіп бастауды ойладық. Ата-бабамыз мыңғыртып қой бағып, жылқы, сиыр өрістеткен. Қазір кәсіп бастаймын дегендер төрт түлік ұстауды орайластырады. Ғаламтордың арқасында осындай ерекше кәсіпке көз түсті. Өзі құс, өзі бір қойдың салмағын бар-жоғы 6 айда жинап береді. Жаңа туған қозы 3 келі салмақта болады. 6 айда салмағы 15 келіге әрең жетеді. Ал бройлер күркетауықтың жұмыртқасы бар-жоғы 85-100 грамның арасы. Сондай салмақтан 6 айда 30 келіге дейін таза ет аласың. Осыдан қызығушылықпен кірістік. Алғашқы 500 балапанды 2025 жылдың маусым айының соңында алдырдық. Екінші толқынды шілдеде әкелдік. Нәтиже жаман емес, – дейді құсшы.

Күркетауық өзі кірпияз құс. Балапанын да баладай мәпелеп қарамаса, тез мұқалады. Соның өзінде жұмыртқадан шыққан балапанның өзі 80-85 пайыз ересек күйге жетеді. Қарапайым тілде айтқанда жаңа шыққан 100 балапанның 80-85 түйірі қатарға қосылады деген сөз. Оның өзінде бәйек қағып бақпаса болмайды. Ал бройлер бағытындағы күркетауықтың бабы тіптен бөлек. Қағылған қауырсыннан да секем алуы бек мүмкін. Мұны Дарханның өзі растайды.

– Алматы қаласынан инкубатордан балапан шығаратын кісі таптық. Өзі жұмыртқаны шетелден әкеледі. Себебі, «Бронза-708», «Биг-6» үндік тұқымдары табиғи жолмен көбеймейді екен. Қазақстанда төрт түлікті қолдан ұрықтандыратыны секілді бұл құстарды Еуропада жасанды жолмен, яғни аталықтың ұрығын аналыққа құрылғымен дарыту арқылы көбейтеді. Келісімге сәйкес 20 күндік балапан алуға уағдаластық. Келісімге сай сатушы балапандарға құсқа қауіпті оба мен шешекке, басқа да ауруларға қарсы екпе салып беруі тиіс. Уәдеге сай орындалды. Алматыдан 500 балапанды өз көлігіммен алып шықтым. Қонаев қаласына жақындағанда құстардың аузын бақадай ашқанын байқадым. Дереу сондағы досыма хабарласып, ауласына бірер сағат жайып, су беріп алдық. Бақсақ, бройлер күркетауықтарға су ауадай қажет екен. Күндіз балапандармен сол жердегі жолдасымның үйін паналап, түнделетіп жолға шықтық, – дейді Дархан.

Айтпақшы, біз суреттеп отырған шаруашылық Сарқан ауданына қарасты Көктерек ауылында орналасқан. Дархан Жаманбаев осы ауылдың тумасы. Айтуынша, бала күнінен аң-құс өсіруге әуес. Бұл кәсіпті бастауына да бала кезден табиғатқа жақындығы итермелегендей. Көктерек жайылымдық жері мол, шөбі шүйгін елді мекен. Осы жағдайды ескерген кәсіпкеріміз балапандары сәл қатайған соң күркетауықтарды қой секілді өрісте бағыпты. Бұл құстың негізгі азығы шөп. Одан бөлек, құстарының сау өсуіне далада қаптап жүрген жәндіктер сеп. Дарханның күркетауықтары кең далада шегіртке, құрт-құмырсқа аулап жеп, табиғи жолмен ет жинаған. Айтуынша, құстары қатайғанша Өзбекстаннан арнайы маман алдырып, бақтырған.

– Әу баста, күркетауықтың бабын таба алмадық. Тіпті, самал жел соқса, ауырып қала берді. 200-ге жуық балапан шығын болды. Содан бізге дейін құс өсірумен айналысқан өзбек бауырымызды шақыртып, 3 айға жуық сол кісі қарады. Қазір сол құсшының тәжірибесінің арқасында 800 күркетауық қатарға қосылды, – дейді кейіпкеріміз.

Дархан Жаңа жыл мерекесіне дейін 400-ден астам құсты тұтынушыға жеткізген. Мерекеден кейін құс өніміне сұраныс күрт төмендеген. Қалай дегенмен, 20 келі ет қалтаға ұрады. Бағасы қымбат болмағанымен, салмақ жағына келгенде тұтынушы тартынады. Ендігі ретте бройлер күркетауық етін бөлшектеп, аз мөлшерде вакуумдық пакетпен сатуды көздеп отыр. Ол үшін қажетті құрылғы алмақшы. Айта кететін жайт, өз қаржысына кәсібін дөңгеленткен кәсіпкер жергілікті 4 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтуда. Көктеректік бір тұрғын құстардың жем-суын беріп, бабын жасаса, 3 кісі құсты союмен айналысады. Сұраныс артқанда ауылдың бірнеше тұрғынын уақытша жұмысқа тартады.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Кәсібін жаңа бастаған Дархан құс ферманың бар жағдайын жасаған. Бірнеше бөліктен тұратын жабын қорасы бар, құсты союға бағытталған бірнеше сатылы үй-жайы бар.

– Құс фермасын ашарда оңтайлы жолды іздедік. Ауылда тек қабырғасы ғана қаңырап қалған үйді барынша кәсіпке бейімдедік. Заманауи жабдықтар алдық. Оңай шаруа болмасын түйсінген соң, Қазақстан бойынша көп көлемде күркетауық ұстайтындардан кеңес сұрадық. Әзірге құс фермамыз кеткен шығынды ақтап тұр. Қалған құсты шашау шығармай тұтынушыға жеткізсек дейміз. Себебі, сойылатын уақыттан асқанда бұл құсты ұстап тұру шығынға батырады. Қазір қолда тұрған 400 күркетауық 1 тонна жемді 10 күнге жеткізбейді. Бұл – бір. Екіншіден, уақыт өткен сайын салмақ қоса береді. Ал ірі салмақтағы құс етін өткізу қиынға соғады. Барынша қарекет етіп, етті өткізсек болғаны. Ваккумдайтын қондырғы жеткізілсе, жабындалған әрі бөлшектенген құс етін дүкен сөрелеріне қоюды жоспарлап отыр-мыз, – дейді құсшы.

Дархан халық арасында мұндай үлкен құс етін алушылар аз екенін де алға тартты. Сол үшін салмағы аздау, бірақ етті тұқымды өсіріп көрмек. Ол үшін жергілікті жердің тұқымын бройлермен шағыстыруды көздейді. Алғашқы қадамын да жасап қойыпты. «Бронза-708», «Биг-6» тұқымды құстың мекиеніне жергілікті тұқымның қоразын қосып бөлек ұстап отыр.

Айтпақшы, кейіпкеріміз аңшылық өнерді дәріптейді. «Жаңабұлақ» атты аңшылық құрылым да құрған. Сол үшін 250 дана қырғауыл өсіруде. Аң аулауға келгендерге арнайы жататын орын да бар. Кейіпкеріміз мұндай құс фермасын ашу арқылы тәуекелге бел буғанын алға тартады. Бастысы «Жетісуда жасалған» ірі күркетауық етін өндіруші болмақ. Сәтін салсын, Дархан Қайыржанұлы!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.