Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Өнімі жұртқа танымал

13.07.2025
АЛТЫН ҚОЛ
Өнімі жұртқа танымал

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

«Еңбегі ерге бергісіз» деген сөз бар көнеден жеткен. Талай ердің иығы көтермеген нәзікжандының тірлігіне берген баға бұл. Кешегі Домалақ ана, Айша бибі, Көктемір батырлардың қам-қарекеті талай ерді осылай сүйсіндірді-ау. ХХІ ғасырға аяқ басқан қазақ елінің егемендікте кешкен үшінші онжылдығында бізге де сүйсінуге тура келіп тұр. Қанша ердің оң жамбасына, қанша азаматтың қолынан келмеген іс бастап, тірлігін дөңгелетіп жүрген «Еңбегі ерге бергісіз» нәзікжанды Алакөл ауданында тұрады. Көл аттас ауданға аты мәшһүр Динара Теңізбайқызы туралы сөз қозғамақпыз.

Қоғамда «бірдеңе істеу керек» деп жүргендер көп, істегендер аз. Тірлік бастау туралы сөз қозғағанмен көзін таппай жүргендерге Динара Әділбаеваның өзі де, тірлігі де, сөзі де үлгі. Құдай-ау, мақтауын келістіріп, тірлігінен бұрын өзін аспандатардай не тындырыпты дей көрмеңіз. Үшаралдық аяулы жан шұжық өндірісін өркендетіп, жартылай дайын өніммен өңірді қамтамасыз етіп отыр. «Dikosh» атаулы бренд қалыптастырып, осы атаумен әрі дүкен, әрі асхана ашқан кәсіпкер.

«Dikosh»-тың тасын өрге домалатқан нәзікжандының кәсіп еткеніне біршама уақыт болды. Ал, өрлеуге бастағаны жуырда ғана. Не нәрсенің де басталуына идея керек. Ал идеяны нағыз іске ұластыру талайдың қолынан келмес. Жоғары оқу орнын педагог-психолог мамандығымен тамамдаған замандас бір сәтін де мектеп қабырғасында өткізбепті. Тұрмыстың дарытқанын дағдыға ұластыруға арнапты бар уақытын. Әуелде дастарқан даярлау, ас пісірумен тұрғындар тарапынан сұраныс тудырған. Заманауи үлгіде ас мәзірін жасақтауға дағдыланған қазіргі кәсіпкер дайын өнім даярлауды көп армандапты. Тойхана мәзірін мейлінше меңгеруге 10 жылдай уақыт өткен соң шұжық жасауға бел шеше, білек сыбана кіріседі.

– Қоғамдық орында ас даярлау үлкен жауапкершілік жүктейді. Той-томалаққа тамақ даярлауда туғандарыңның да көмегіне жүгінуге тура келеді. «Жалғыздың шаңы шықпайды» деген, жалғыз үлгірмейсің. Оның үстіне әрбір даярланған ас дәмді болуы тиіс. Ауданға осылай танылдық, – дейді кейіпкеріміз.

Шұжық істеу кәсібін бастағанда көп қиындық болған. Әуелгісі ғимарат. Мұндай өндірісті қолға алғанда аумағы үлкен нысан қажет. Оны жалға алған Динара Теңізбайқызы бір бағытта жұмыс істеуді құп көрмейді. Жартылай даяр ас даярлауды да құп көреді. Мәселен, тұшпара. Үшаралдық кәсіпкер оның үш түрін даярлайды: мал етімен, құс етімен және диеталық. Қазір Динара барлық полуфабрикатты үш түрде даярлап келеді. Айтпақшы, шұжықтан бөлек қазы, сүрленген құйрық май да жасап жүр. Қазір қыз біткен коллаген тұтынып жүр. Сұлу болу үшін, сымбатын келтіру үшін. Әлем енді мойындаған дүниені дана қазақ әлдеқашан ескеріп қойған. Баба жұрт «Ет – етке, сорпа – бетке» дейді. Жұрт коллагенді сатып ап жүр. Шын коллаген сорпада. Өйткені бұл дүние өзі сорпадан өндіріледі. Мұны ескерген Динара Теңізбайқызы 2 түрлі сорпа да даярлайды. Бірі қара сорпа, екіншісі коллагенге бай, 36 сағат қайнаған сүйек сорпасы.

Бұл сорпаны не үшін даярлайды дейсіз ғой. Қазір қым-қуыт тірлік уақыты. Ешкімде уақыт жоқ. Қол бос емес сәтте ас даярлау қиынның қиыны. Осындайда аудан тұрғындары «Dikosh»-қа келіп сорпа сатып алады, оны үйде ысытып, қамыр-ауқат салып жіберсе жетіп жатыр, ас даяр. Одан бөлек, кәсіпкер уақыт көшінен қап жатқан жоқ. Дүкенде толып тұрған жұрт қытай лапшасы немесе «бишпакет» деп жүрген жылдам даярланатын кеспені де жасақтап қойған. Бір дорбадағы аста сорпа, кеспе, ет, қазысы бар. Дүкендегі қытай кеспесінен айырмасы табиғи өнім. Ал даярлануында айырма жоқ, кеспе 5 минутта даяр болады.

– Жұрт кәсіптің басталғанын, жұмыс істеп, өркендеп жатқанын көреді. Бірақ оның өз қиындығы бар. Бірде бір жылқының еті мен сиыр етін алып өнім даярладық. Жартылай дайын өнімге сұраныс болғасын еттің көп бөлігін сонда жұмсадық. Етті өңдеуге екі-үш күн уақыт кетті. Содан даяр асты мұздатқышқа салып, цехтан тараймыз. Ертеңіне келсек, мұздатқыштағы өнім толық бұзылған. Өйткені түнде электр жарығы өшкен. Сол аймақ түнде жарықсыз болыпты. Миллион теңгеден астам өнім далаға кетті. Жарыққа жауапты жергілікті мекеменің есігін талай тоқылдаттық. Әкімдікке де бардық. Ешкім біздің шығынға жауап бергісі жоқ. Осындай қиындықтарға қарамай алға ұмтылып келеміз, – дейді Динара Теңізбайқызы.

«Dikosh» даярлаған тауарлар «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасына қатысты. «Қорғаста» өткен үш күндік өңірлік көрмеде көп дауыс жинап, жеңіске де жетті. Осылайша жеңімпаз кәсіпкер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қайтарымсыз грантын да алды. 5 млн. теңгені кәсібін дөңгелетуге бағыттады. «Dikosh»-тың атын тек Алакөл ауданында ғана емес, облыс көлемінде танымал етуде.

– Даяр өнім шығару үшін көп іздену керек. Оқу керек. Елімізге танымал кәсіпкерлерден тәлім алдым, үйрендім. Олар тегін үйретпейді (күліп). Іздену нәтижесінде шұжық даярлаудың қыр-сырын меңгердік. Буға піскен шұжықтан бөлек қақталған, сүрленген түрлерін де даярлап жатырмыз. Біз әзірге шағын кәсіптік нысанбыз. Елімізде осы салада еңбек етіп жүрген алыптармен иін тіресіп, олардың нарығына шығу аса қиын. Осындайда жергілікті билік сатысынан қолдау болса. Қазір орналасқан ғимаратқа жалға беретін қаржымызды істі өркендетуге бағыттасақ. Ол үшін бізге ғимарат салғанға жер керек, – дейді Динара Теңізбайқызы.

Үшаралдық кәсіпкер, «Dikosh» брендінің иесі турасында көп дүние жаздық. Бастысы «Ерге бергісіз еңбек» иесі талайға үлгі болуы тиіс.
Алакөл ауданы

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.