Талдықорған: +14°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

16 қаңтар 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылары арасында «Денсаулық – 2019» спартакиадасы өткізілді. Спартакиаданың салтанатты ашылуында университет ректоры Такир БАЛЫҚБАЕВ футзал, волейбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту, шаңғы мен коньки тебу сияқты спорт түрлерінен жарысқа қатысқалы отырған командаларға табыс тіледі.

Спартакиадаға  барлығы 500-ге жуық ұстаз бен қызметкер қатысып, бақ сынасты. Олимпиаданың екі күнінде әуесқой спортшылардың жүлделер үшін тартысы қарқынды әрі өте қызықты болды. Барлық командалар ойын барысында белсенділік танытып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Спорттық жарыс нәтижесінде ең жоғары 44 ұпай жинаған «Өнер, мәдениет және спорт институты» командасы І орынды иеленді. «Ректорат» командасы 37 ұпаймен ІІ орынға, «Филология және көптілді білім беру институты» командасы 34 ұпаймен ІІІ орынға ие болды.

«Денсаулық-2019» спартакиадасының жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Спорттық жарыс барысында үздік ойындарымен ерекшеленген 1 команда және 9 ойыншы түрлі номинациялар бойынша ректор грамотасы мен ақшалай сыйлықтар алды.

Қысқы спартакиада қатысушылардың ұжымдық бірлігін нығайтып, спортқа деген қызығушылықты арттыра түсті. Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Такир Балықбаев ректор болып келген 2017 жылдан бері мұнда дене тәрбиесі мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2017-2018 жылы күзде, қыста, көктемде өткізілген «Денсаулық күні» аясында спорттың жазғы және қысқы түрлерінен көптеген жарыс болып, оларға 6 мыңнан астам студент пен профессор-оқытушылар, қызметкерлер қатысты. Университетіміздің 90 жылдығы аясында академик Т.Садықовтың құрметіне арналған республикалық футбол турнирі де — бұл саладағы игі істеріміздің бірі. Оған еліміздің жиырмаға тарта жоғары оқу орнының командалары қатысып, 3 күн бойы Алматыны дүбірге бөледі. «Денсаулық күнінің» дәстүр сабақтастығы бүгін де өз жалғасын табуда.

Мырзахан АХМЕТОВ,

Абай атындағы ҚазҰПУ қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Алматы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.