Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол алматылық Фаррух Тоқтасиновпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті Абылайханға берді.
Осылайша, Жүсіпов Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды (2016, 2018, 2025).
Абылайхан Жүсіпов — әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019 және 2021) және 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, бұл салмақта Ливерпульдегі әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан топ жарған болатын.





