Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ КӨРСЕТКІШІ ӨТЕ ТӨМЕН

29 мамыр 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ КӨРСЕТКІШІ ӨТЕ ТӨМЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының алқа мәжілісі өтті.

Келелі жиынға спорт мектептерінің директорлары және аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшылары жиылды.

Алқа мәжілісін бастамас бұрын жиынға арнайы келіп қатысқан референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының облыс бойынша өкілдігінің төрағасы Е.Келемсейіт баяндама жасап, елдегі саяси науқан жайлы кеңінен тоқталды. Ермек Әбілмәжінұлы спорт саласының мамандарына референдумның негізгі қағидаттарын, онда қандай өзгерістер болатынын егжей-тегжейлі жіктеп айтып берді және барлығын 5 маусым күні референдумға қатысуға шақырды.

Мұнан кейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Қалдығожин, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы олысы бойынша филиалының төрайымы С.Ахмадиева баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен қызметкер құқығының бұзылмауы жайында әңгіме өрбітті. Сала мамандарының әңгімесінен кейін алқалы жиын басталды.

Жиналысты жүргізіп отырған облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев ең бірінші осы уақытқа дейін атқарылған істер жайлы ақпар беріп, шағын бейнематериал көрсетті. Одан кейін Алакөл, Райымбек, Жамбыл, Кеген ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшыларына сөз кезегін берді.

Аталған ауданның мамандары өз аудандарында спорт саласындағы жұмыстарына тоқталды. Әрқайысы баяндама жасап, оларды арнайы слайд арқылы көрсетті. Баяндамашыларға спорт басқармасының мамандары сұрақ қойып, кемшін тұстарын көрсетті. Бұған дейін арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, аудандағы кемшіліктерді анықтаған болатын. Бұл жолы келелі басқосуда сол кемшіліктердің жойылғаны туралы да сауал қойылып, жұмысты одан ары ширатуды қадап айтты.

Иә, бұл алқа мәжілісі бұрынғы жиыннан өзгерек болды. Бір сыдырғы жетістіктерді жіпке тізбей, кенжелеп жатқан проблемалар да алға шығып, оның шешілу жолдары қарастырылды. Баяндамашылардың соңынан мінберге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмат Үшкемпіров шығып, қорытынды баяндама жасады.

Алмат Тоқтарбекұлы соңғы бес айдың жұмысына тоқталды. Жалпы аудандағы спорт бөлімдері мен спорт мектептерінің жұмысына мониторинг жасап, ондағы кемшіліктерді атап өтті.

— Мәселен, халықты бұқаралық спортқа тарту бойынша бүгінде 34,3 пайызға ғана қол жеткізіп отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондай-ақ, аудандық спорт мектептері мемлекеттік қызмет көрсетуді дұрыс іске асырмайтыны, спорттық разрядтарды беру мөлшері өте төмен, разрядттар спорт мектептеріндегі бала санымен сәйкес келмейді, әлеуметтік желіде де белсенділік жоқ, әдіскерлер жаттықтырушылардың сабақ жоспарын тұрақты қадағаламайды, бірқатар мектептерде негізгі жаттықтырушылардан 0,5 мөлшері бойынша жүрген жаттықтырушылар көп. Осының барлығы жұмыстың жүйелі жүрмеуі және спортқа салғырт қарағандық, – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Айтылған олқылықтарға байланысты Нұрбақыт Молдахметұлы жауапты мамандарды орынан тұрғызып, көрсетілген кемшіліктер бойынша жауап алды. Сонымен қатар алдағы күндерде бұл кемшіліктерді жойып, жұмысты ширатуды тапсырды.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.