Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕС СПОРТШЫСЫ УФАДАН АЛТЫН АЛЫП ҚАЙТТЫ

19 тамыз 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕС СПОРТШЫСЫ УФАДАН АЛТЫН АЛЫП ҚАЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ресейдің Уфа қаласында грэпплинг UWW күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге облысымыздың 13 спортшысы барып, 5 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді еншілеп қайтты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Атап айтсақ, Нұрбек Мырзалинов, Дарын Кенжебай, Артем Хван, Ботакөз Елдосқызы мен Ескендір Юлдашев алтыннан алқа тақса, Зуляр Шарафудинов, Диас Анвар және Данагүл Талғатқызы күміспен күптелді. Ал Анаят Сыдыков, Анар Ақан, Нұрайым Мұңайтпас, Дильназ Үсенова қола жүлдені қанжығасына байлады.

Осыған орай, Жетісу жұртшылығы Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайының алдына жиналып, толағай табысқа жеткен спортшыларды құшақ жая қарсы алды.

Шара барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмат Үшкемпіров сөз алып, спортшыларды құттықтады. «Сіздер бүгінгі күннің батыры, ел мақтанышысыздар! Бақ пен баптың сыналар шағында жігерлік танытып, жеңістің желкенін көтерген спортшыларды шын жүректен құттықтаймын! Алдағы жарыстарыңа да жеңіс тілеймін!» – деді ол.

Осыдан кейін жиналған жұртшылық жеңімпаздардың құшағын гүлге толтырып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында Айдос Мұсабаев: «13 спортшымның 12-сі жүлде алды. Кадеттер арасында Дарын Кенжебай деген баламыз чемпион атанды. Ол 2019 жылы Бакуде балалар арасында өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған болатын. Ал төрт қызымыз күміс және қола жүлдені еншіледі. Жастар арасында Ботакөз Елдосқызы екі дүркін әлем чемпионы атанды. Нұрбек Мырзалинов деген спортшым жастар арасындағы жарыста топ жарды. Алдағы жоспарымыз бұдан да биік межені бағындыру», – деген бапкер жетісулық спортшылардың талантына оң бағасын берді. Сонымен қатар, бапкер қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем біріншілігіне іріктеуге дайындалатынын айтты.

Әлем чемпионы Нұрбек Мырзалинов:

– Спортқа қатысқаныма 8 жыл болды. Бұл менің әлем біріншілігіндегі алғашқы алтыным. Додадағы барлық қарсыласым мықты болды. Бірінші татами төріне румыниялық спортшымен шығып, қолды ауырту әдісі арқылы ұттым. Екінші кездесуде ресейлік мықтыны, одан кейін белорус өкілін тізе бүктірдім. Жеңіске ата-анам мен бапкерімнің арқасында жеттім. Алдымен сол кісілерге алғысымды айтамын, – деді.

Айдар НАЗАРҰЛЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.