Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ СПОРТТЫҚ НЫСАННЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

25.09.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ СПОРТТЫҚ НЫСАННЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Қарасай ауданындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асырылған «Нұр-Аман» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Райымбек ауылында бой көтерген бұл сәнді де еңселі ғимарат өңірдегі салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спорттың өркендеуіне үлес қосары сөзсіз. Сонымен қатар, байрақты бәсекелерде ел қоржынына олжа салар сайыпқырандар осы кешенде жаттығатын болады. Бұл Қарасай ауданында азаматтардың бастамасымен жүзеге асқан екінші жоба екенін айта кету керек.

Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы, ең алдымен, 2020 жылы дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлініп, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылғанын айтып өтті.

– Биылғы жылы бүкіл әлеммен бірге біздің мемлекетіміз де аса жауапты сыннан өтті,– деді Амандық Ғаббасұлы «COVID – 19» пандемиясына байланысты туындаған мәселелерді еске салып. – Дегенмен, карантин жағдайына қарамастан облысымызда ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соның айқын бір дәлелі – бүгінгі Райымбек ауылында пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Облыстың кәсіпкер азаматтары бұқаралық спортты дамытуды жүзеге асыруға, туған жерін көркейтуге белсене атсалысып келеді. Меценаттардың экономиканың басқа салаларымен қатар спортқа қолдау көрсетуі – өскелең ұрпаққа қызмет еткені деп түсінеміз.

Аталған нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып, құрылысына 1,8 млрд.теңге жұмсалды. Кешен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Спорт кешенінде бокспен, күреспен, дзюдомен, таэквандомен, ауыр атлетика және футболмен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалынған.

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың қолдауы және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында берген тапсырмаларды орындау нәтижесінде халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап артуда. Біздің спортшылар түрлі додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, қазақ елін әлемге танытып келеді. Алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту бастамасы бойынша мұндай кешендер облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында бой көтеретін болады.

Жаңа ашылған спорт кешені тұрғындарға қызмет етіп, мұнда еліміздің абыройын арттыратын республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өтеді деп сенемін.

Келесі болып сөз алған «Нұр-Аман» спорттық кешенінің салынуына мұрындық болған облысымыздың Құрметті азаматы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев кіндік қаны тамған ауылға қамқорлық жасауды перзенттік парызы санайтынын айта келіп, осы кешеннен болашақта еліміздің Көк байрағын желбірететін спортшылар шығатынына сенім білдірді. Соңында Амандық Ғаббасұлына атақты спортшылардың қолтаңбасы бар волейбол добын сыйлады.

Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, каратэден екі дүркін «қара белбеу» иегері Бекжан Сүндебеков болса, жаңа кешенде жаттығатын жастарға биік мінберлерден көрінуіне тілектестік білдірді. Ал ауыл ақсақалы Иманжан Өмірқұлұлы жұртшылықтың ізгі ниеттерін айтып, ақ батасын арнады.

«Элитстрой проект» құрылыс компаниясының басшысы Қайрат Оразбеков жаңадан ашылған спорт кешенінің кілтін «Нұр-Аман» дене шынықтыру-сауықтыру орталығының директоры Айгүл Искаковаға салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты жиында Амандық Ғаббасұлы халқымыздың ізгі дәстүрі бойынша жұртшылық алдында ауылдастарына осындай үлкен сый жасаған Амангелді Смағұлұлының иығына шапан жауып, «Жетісу» волейбол командасының формасы мен ойыншылардың қолдары қойылған допты тарту етті.

Кешеннің алқызыл лентасы қиылғаннан кейін салтанатқа жиналған қонақтар ғимараттың ішін аралап көріп, волейбол, бокс, күрес, гимнастика залдары мен шахман-дойбы бөлмесінің жұмысымен танысты. Өлке басшысы мен спорт меценаттары боксшыларға бұлғары қолғаптар, балуандарға арнайы киімдерін сыйлап, тағы бір берекелі шаруаны бастап жіберді. Амандық Ғаббасұлы мен Амангелді Смағұлұлы облысымыздың абыройын асқақтатып жүрген «Жетісу» волейбол командасының ойыныншыларына арнайы медаль табыстаса, сайыпқыран спортшылар жиналған қауымға тамаша ойын үлгісін көрсетті.

Қуат ӘБІЛ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

15.03.2026
Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

15.03.2026
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.