Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Амангелді ән салған Италия: қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

10 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Амангелді ән салған Италия: қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

Сали Сабиров

WhatsAppTelegramFacebook

Ал ағайын, төрт жыл күткен ақ Олимпиаданың алауы тұтанды. Күллі әлемнің назары Миланға ауып, сенім артқан саңлақтарының жолына үмітпен қарап отыр. Солардың арасында Қазақстан Республикасы да мықтыларын топқа қосты.Ел намысын қорғаған спортшылар сәтті өнер көрсетіп, жүлденің сыңғыры естіліп қалар деген дәмеміздің бар екені анық. Олай болса, Италияда бастау алған 25-ші қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жайында аз-кем әңгіме қозғайық.

Саф өнердің отанына айналған Италия мемлекеті жарыстың ашылу салтанатын жоғары деңгейде өткізді. Бұған дейін де талай байрақты бәсекені бастан өткерген ел, бұл жолы да сол дәстүрінен айнымады. Италия дегенде классикалық музыка құлағымызға жетіп, сәулет пен қылқаламның өрнектеп салған кескіні көз алдыңа бірден келетінін жасыра алмаймыз. Ендеше Миландағы ақ Олимпиаданың негізгі салтанаты осы ретпен өрбіді. Кері санақтың тілі нөлге келіп тірелгенде атақты «Сан-Сиро» стадионына жиналған жанкүйердің ықыласы қырға соққан асау мұхиттың толқынындай тербеліп барып, доданың шымылдығын түрді. Үш түске боялған стадион төрт құрлықтан келген жанкүйерлер мен спортшылардың назарын өзіне еріксіз ынтықтырып, ортаға шыққан бишілер өздері ғана емес, күллі жұртты жетектей жөнелгендей той-думанның көшіне ілестіріп әкетті. Алғашқы сәтте орындалған көрініс әлем қызығып, таңдай қағатын архитектуралық композицияны тарихпен байланыстырып, ежелгі Эллада мәдениетін шебер орындады. Жаңа технологиямен қабыса отырып, бүгінгі жаһандану, жасанды интеллектің де адам өмірінен орын алар тұстарын көрерменнің көз алдына паш етті. «Спорт – бегзада өнер» – деп бекерге айтпайтыны белгілі. Қаншалықты кескілескен ұрыс алаңында да Олимпианың дабылы қағылғанда қаруын қойып, лезде бейбітшілік кезеңге көшетіні тарихтан айтылып келеді емес пе?! Міне, бүгінгі Олимпиада «Спорт – бейбітшілік елшісі» дегенді дәлелдегендей күй танытты. Үш түске боялып, көктен құйылған қызыл, көк, сары түс тұрақтылық пен тыныштықтың, бейбітшіліктің үйлесіміне айналды. Байрақты бәсекенің негізгі символы, ашылу рәсімі Armonia (Үйлесім) деп аталды. Үйлесім деп аталуының өзінде үлкен мән-мағына жатыр емес пе?! Құрмет, сыйластық, достық осы бір қасиетті үш тағанды бір арнаға тоғыстырып, спорт деп атау бергені. Ия, бұл тұрғыда Италия бүгінгі әлемді шарпыған соғысты бір сәтке ұмыттырып, адамзат баласының көкейіне бейбітшілік деген ұлы қасиетті ұғындырғандай болды.

Тағы бір ерекшелік – Олимпиаданың ашылуы төрт бірдей қалада, бір уақытта түндігін түру, төрт құбыланың тең болуына сай келетіндей. Әлемнің төрт бұрышында жарыс жайлы дабыл қағылып, тағы сол бейбітшіліктің бесігін тербеткендей белгі берді. Операның отаны – Италия, жүрегі – Ла Скала. Мұны біз бекерге айтып отырған жоқпыз. Италия – қазаққа таңсық жер емес. Өткен ғасырдың орта тұсында қазақтың күміс көмей әншісі Амангелді Сембин атақты «Ла Скалада» ән шырқап, әлемді өзіне қаратқанын бүгінгі жұрт ұмыта қойған жоқ. Күллі әлемге аты мәшһүр, даңқты үш тенор – Лучано Паваротти, Хосе Каррерас және Пласидо Доминголар қазақ баласының өнеріне таңдай қағып, жоғары баға бергені тарихта қатталып тұр. Олай болса, сол кешегі Амангелдінің табанының ізі қалған мекенге, бүгін қазақ баласы жүлделі ауылдың тұғырына шаңғысының ізін тастауға тағы келді. Өнердің нақ ордасына айналған Италия Олимпиаданың ашылуында да опера, сән үлгісі, сәулет өнерінен сыр шертіп, мықты режиссерлардың талантының арқасында тағы бір мәрте озық екендерін дәлелдеді. Ұлттық құрамалардың шеруі де өзгеше өтті. «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» дегендей спортшылар екі қалада шеруден өтті. Мемлекеттік Туды ұстаған Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сондай-ақ Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде – Миландағы Салтанат қақпасында және Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында тұтанды. Рәсім барысында өткен жылы өмірден өткен әйгілі сәнгер Джорджо Арманиге арналған еске алу бөліміне де ерекше орын берілді. Оның Emporio Armani (EA7) бренді ұзақ жылдар бойы Италияның Олимпиада және Паралимпиада құрамаларына спорттық киім әзірлеп келген. Міне, сағына күткен Олимпиаданың ашылу салтанаты сан мыңдаған жүрекке ұмытылмас сәт сыйлап, өзінің тартымдылығымен есте қалатыны сөзсіз.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.