Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ат спорты маусымын аяқтады

17.10.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Ат спорты маусымын аяқтады
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған атшабарында «Жетісу жүйрігі» атты ұлттық ат спорты ойындары өз мәресіне жетті. Аталмыш дода осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы Рүстем Досжанов басқаратын бәйге федерациясының ұйымдастыруымен бастау алған жоба болашақта дәстүрлі жарысқа айналмақ.

   Өңірдегі ат жүгіртетін азаматтардың басын қосқан облыстық «Бәйге»  федерациясы жарысты өткізбес бұрын жергілікті ат спорты өкілдерінің басын қосып келелі жиын өткізді. Облыстық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залына жиналған атбегілер келелі мәселені ортаға салып, жыл бойғы жұмыстарына есеп берді. Жиынға жиналғандардың алдында есеп берген Рүстем Досжанов бұл доданың маңыздылығына тоқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев өз тарапынан жасалып жатқан істерді кеңінен талқылады. Сондай-ақ, ұлттық спортымызға үнемі қолдау білдіріп отыратын облыстық «Нұр Отан» партиясы да алдағы шараларға белсене қатысып, Рухани жаңғыру аясында ұлттық спортымызды дәріптеу мақсатында бірқатар жұмыстарды федерациямен бірлесіп жүзеге асыратыны жайлы әңгіме қозғады. Салтанатты жиынның соңында ұлттық ат спортына үлес қосып жүрген азаматтар арнайы марапатқа ие болды. Онда «Үздік шабандоз», «Үздік бапкер» деген номинация бойынша Алғыс хатқа ие болды. Мұнымен қоса облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болғандар да бар. Осылайша жылдық қорытындыны бір саралаған атбегілер ертесіне «Жетісу жүйрігі» бәйгесін өткізді.

    Дүбірлі додада тай, топ, аламанға қосылған сәйгүліктер үзеңгі қағыстырды. Сонымен бірінші болып  жарыс жолына тайлар шықты. Дүбірге өңірден келген жиырма тай жарысты. Шашасына шаң жұқпаған тұпарлардың додасында желмен бірге жарысқан Қарасай ауданының «Ақтаңай» атты Әлнұр Назарбаевтың тайы бірінші келді. Мәре сызығын екінші болып Қордай ауылының «Ажар» атты тұлпары кессе, үшінші орынға Қайрат Тұрлыхановтың «Аққуы» тұрақтады. Бірінші орыннан көрінген тайдың шабандозы қанжығасына мотоцикльді байласа, қалған бес орынға қол жеткізген тай иелері ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал топ бәйгеге 35 тұлпар қосылды. Бағы мен бабы келіскен тұлпарлардың ішінде қара үзіп келген Талғар ауданының «Бой» атты жүйрігі иесіне «Лада гранта» автокөлігін сыйға тартты. Қалған бес орыннан көрінген жүйріктер ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Бәйгенің төресі саналатын аламан жарыс өте тартысты өтті. Дүбірлі додаға 34 сәйгүлік сайланып келіпті. Топқа түскен жүйріктер 41 шақырымға үзеңгі қағыстырды. Алғашында топтасып отырған тұлпарлар уақыт озған сайын бөлектене бастады. Үш бөлікке бөлініп, айналымның шаңын аспанға шығарған шабандоздар, қатары жарыстың соңына қарай сирей бастады. Бабы келіспеген жылқылар жарысты ерте аяқтаса, бабы шапқандар айналымның соңына қарай қарқын ала бастады. Осылайша соңғы айналымға дейін ортаңғы топтың ішінде отырған Қордай ауылынан келген Есбол Шынтасовтың «Самал» атты тұлпары алдыда едәуір жерге озып кеткен тұлпарды басып озып, мәреден бірінші болып көрінді. Жеңіске жеткен сәйгүлік қанжығасына «Нива» автокөлігін байлады. Ал екінші болып Дегерес ауылының «Ерқайыры» келді. Бұл тұлпарды да ерекше атап өткен жөн. Дода басталысымен он бес айналым бойы оқ бойы озық отырып, соңғы сәтте алдына жалғыз тұлпарды шығарып алды. Мәре сызығын кескен қалған бес тұлпар ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Осылайша облыстық «Бәйге» федерациясы биылғы жылдың маусымын осындай табыспен аяқтады.

 

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ.

Суретті түсірген Аслан Қажеке. 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.