Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖУРНАЛИСТЕР ШАХМАТТАН ЖАРЫСТЫ

7 желтоқсан 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖУРНАЛИСТЕР ШАХМАТТАН ЖАРЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің заңғар әдебиетші, дарынды әрі әділетті сыншы, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожакеев атындағы аудиториясында Тәуелсіздіктің 30, рес­публикалық «Ақиқат» журналының 100 жылдығына шахматтан журналистер арасында жарыс өтті.

Дәстүрге айналып, 7-рет жалауын көтерген шахмат турнирі жоғары деңгейде өтті. Дүбірлі додаға Алматы қаласы әкімдігі мен спорт басқармасы қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.

Сайыстың ашылу салтанатында ҚазҰУ ректорының кеңесшісі, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев, журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев және «Ақиқат» журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев ізгі тілектерін жеткізіп, қатысушыларға жарыс жолында сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай жүрекжарды лебізін білдіре келе кезінде талай тартысты додаларда топ жарып, таласты жерлерде жүлде алған ардагер ойыншылар Мамадияр Жақыпқа, Аян Нысаналинге, Жұмат Әнесұлына, Зейнел Жекейұлына құрмет көрсетіп, газеттің жылдық басылымына тегін жазылғандықтары туралы түбіртекті табыс етті.

Турнирдің өзіне келсек, ол уақыттың тапшылығына және ойыншылар қарасының көп болуына байланысты Швейцария жүйесі бойынша ұйымдастырылып (жеңілгендер жарыс жолынан шығып отырады), жеті турды қамтыды. Алматы облысы қаламгерлерінің туы астында «Жетісу» телеарнасының журналисі Данияр Сейсенбаев пен қараталдық Асхат Өмірбаев өнер көрсетті.

Сонымен, бес сағатқа созылған сайыс қорытындысында бас жүлде иегері Алматы облысы «Қаратал» газетінің тілшісі Асхат Өмірбаевқа турнирдің алтынмен апталып, күміспен күптелген кубогы тапсырылып, қалтасына қомақты қаржы салынды. 1-орын «Tengri» газетінің тілшісі Тілек Абдрахимовтың қанжығасына байланды. 2-орын Хангелді Абжановтың еншісіне бұйырды. 3-орын иегері болып «Жетісу» телеарнасының қызметкері Данияр Сейсенбаев танылды.

Жүлдегерлерге мерекелік медальдар тарту етіліп, қаржылай сыйлықтар  берілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тіккен арнайы сыйлыққа Дәурен Мұқанов ие болса, «Адырна» порталының бас редакторы тіккен Аманхан Әлім атындағы арнайы жүлдеге журналист Арман Әубәкір лайық деп шешілді. Аян Нысаналин мен Зейнел Жекейұлы «Ардагер ойыншы» аталымы бойынша марапатталса, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында Ақпарат комитеті басқармасының бас сарапшысы  Дәурен Дариябек озды. «Көрермен көзайымы» болып «Тенгриньюс» сайтының көрікті аруы Гульвира Биғалиева танылды. Ал «Авторадио» журналисі  Набира Алманова сынды сұлуға ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

Аталым иелеріне ақшалай сыйлықтар беріліп, барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Жабылу салтанатын Қазақ ұлттық консерваториясының студенті  Сәулетбай Бақтыбай  әдемі дауысы, күшті үнімен бойды балқыта, арқаны қыздыра ән шырқап, шараның соңғы нүктесін қойды.

Жексенбек СҰЛТАНБЕКОВ

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.