Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Дүр қамшы

13.03.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Дүр қамшы
WhatsAppTelegramFacebook

Бірлігіңнен айналайын, қалың қазақ, әр уақытта бір-біріне қорған болып, осы күнге жеттік емес пе?! Бүгін де сол ауызбірліктің үлгісін көрсетіп, наурыз айы туысымен бастарың бірігіп, Наурыз мерекесінің түндігін желпідіңдер. Жаратқаннан елдің бірлігі мен амандығын, деннің саулығы мен ақ жаулығын, одан кейін мал саулығын сұраған қазақ рухын көтеріп, Наурыз тойын тойлады. 

Сөзіміз дәлелді болу үшін нақтырақ айтайын. Талдықорған қаласындағы «Алтын ғасыр» мейрамханасында Алтайдан атажұртын аңсап келген ағайын көпке үлгі іс жасады. Күн мен түннің теңесуін тоспай, алдын ала ұлттық мерекенің иісі шыға берсін деген ниетпен Наурыз мерекесін бастап кетті. Бес жүз адамға дастарқан жайылып, қадірменді қонақтарын жиып, Ұлыстың Ұлы тойына Алаштың айбарлы ұлы Қанат ИСЛАМДЫ арнайы қонаққа шақырыпты. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, Қанатты көруге келген ағайында есеп жоқ. Ақсақалдар шапанын киіп, ақ әжелер ақ жаулығын жамылып, тойдың шырайын кіргізгендей. Ері елін, елі ерін сыйлаған Ұлы Даланың ұрпағы емеспіз бе?! Батырына деген ыстық ықыласы мен алғысы сырт көзге анадайдан-ақ көрініп тұр. Бұл тойдың куәсі болған біздер жүрегіміз толқып, тұла бойымыз шымырлап, рухымыз шалқып, жанарымызға намыс пен қуаныштың жасы іркілді. Ішімізден Жаратқанға жалбарынып, қазақты осы ауызбірліктен айыра көрме деген тілекті күбірлей бердік. Ақ дастарқанға жиылған елдің ортасына ерекше құрметпен Қанат Исламды алып келді. Қандай керемет, жақсыны көрмекке. Қос қанатынан қолтықтап, азаматының тіреуіші іспеттес осы мерекені ұйымдастырушы Мұқатай Абдолла мен Дәулетжан Шаймұран келеді. Қазақтың үш биіндей ортаға келген батыр ұлына халықтың қошеметі жоғары. Толассыз соғылған шапалақ пен шашылған шашу тойдың берекесін асырды. Ақ жаулығының ұшымен жанарындағы жасты бір сүртіп, аналарымыз елдің намысы мен атын шығарған Қанаттың маңдайынан мейірлене иіскеп, аталар батырының жотасынан қағып, төрге оздырды. Жанарынан от шашып, қарсы келген дұшпанның жігерін құм ететін Қанаттың маңдайы жарқырап, кеудесін қуаныш кернеп ортада отыр. Той дабылы қағылып, ортаға әнші мен күйші, биші мен ақыны кезек-кезегімен шығып жатыр. Міне, біздің де күткеніміз осы еді. Тамылжыған әннің ырғағында Жетісу жері тербелгендей күй кешіп, наурыз мерекесімен бірге жайнап сала берді. Ағайындардың мұндай құрметіне риза болған Қанаттың да кеудесін қуаныш кернеп, қанаттана түскені білініп тұр. Миллиардтың арасынан оза шауып, құдай берген таланттың арқасында Олимп  шыңына қол созды, жат жерде жүріп, Көк тудың астында өнер көрсетсем, атажұртта тер төксем деген арманы асқақ еді. Арманы алға жетелеп, атажұртқа оралды. Текке келмеді, аспанасты елін мойындатып, текті елдің ұрпағы екенін, Ұлы Даланың еркін өскен ұланы екенін көрсете білді. Отанына келісімен алға қойған жоспарын кезең-кезеңімен іске асырды. Күні кеше ғана Алатау бөктерінде өткен жекпе-жегі Алаштың рухын асырған кездесу болды. Шаршы алаңға шыққан сәттен-ақ тақым қысып, Қанаттың тілеуін тілеген де қазақ елі. Мұхит асып, «Қазақ» деген атаумен қарсыласының қабырғасын сөгіп, елдің намысын көтерген кезде де бөркін аспанға атпаған қазақ баласы болмаған шығар?!
Маңдайыңнан қаның сорғалап жүріп, елің үшін еңсе тіктеп айқасып, қарсыласыңды есінен тандырдың. Бұл сенің бойыңдағы намысың, Қазақтың қанында бар қасиет. Ел дегенде ет жүрегің езіліп, «Қайтсем қазаққа қызмет істеймін?» деген арманың болатын. Міне, сол арманың орындалып, халқың төбесіне көтеріп отыр. Осыны жете сезінген қазақтың Қанаты да іштей ой түйіп, елінің құрметіне разы. 
Дәл осы уақытта мерекенің құрметті қонағы, айдарынан жел ескен ұланы Қанатты ортаға алғызды. Қаумалаған елдің ортасында тұрып тебірене сөз сөйледі. «Айналайын, ағайын, бүгінгі құрметтеріңізге дән ризамын. Осының барлығы ауызбірлік пен тәуелсіздіктің арқасы. Талай нәубетті көрген қазағым енді тауқымет тартпасыншы. Әр қазақ елім үшін деп еңбек етсе, бізден талай батырлар шығады. Батырын ұлықтаған жұртыма басымды иемін, – деп қанша биік тұғырдан қол бұлғаса да халықтан төмен екенін көрсетті. Осыдан кейін ортаға ер-тұрманы сайланып, төрт аяғын тең басқан арғымақты алғызып, батырдың иығына оқалы шапан жауып, тұлпар мінгізді. Сәйгүлікке қарғып мінген Қанаттың бұл келбеті кешегі баһадүрлердің кейпін көз алдыңа елестетіп, қолына қамшы ұстатқанда елдің намысын жанып, шар болаттай шыңдалып, найзағайдай жарқырап, қолыңда қашанда ұлттың қамын жейтін қамшың болсын деген тілектер ағытылып жатты. Ежелден қазақ ырым етіп, сол ырымға бұрын жеткен халықпыз. Құтты қонағына кішкентайдың тұсауын кестіріп, Қанаттай батыр болсын! – деген ниетті де назардан тыс қалдырмады.

Алаштың аймаңдай баласы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  өлеңіндегі «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз», – деген жолы дәл бүгін Қанатқа арналғандай. Дүр қамшысын қолына ұстаған қайсар мінез Қанат төбесіне көтерген Жетісу жұртымен қош айтысып, Алаш рухын асқақтату жолындағы арман-мұратына жету үшін алшаңдай басып кетіп бара жатты. 

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.