Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ЕКІНШІ КӨЗІМ — ДОЙБЫ МЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ»: ЖАНАРДЫҢ ӨМІРДЕГІ ЖЕҢІСІ

28.04.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ЕКІНШІ КӨЗІМ - ДОЙБЫ МЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ": ЖАНАРДЫҢ ӨМІРДЕГІ ЖЕҢІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда тірі пенденің тағдырына жазылған соң көрмейтіні де, көнбейтіні де жоқ. Адам қандай ақыл мен күш иесі десек те оның да шамасы келмейтін дүние өте көп. Қалтарыс-бұлтарысы мол тайғақ тағдырдың  сынағына шыдамай, өмірден баз кешіп, тіршілікті өлердей жек көріп, қоғамнан алыстап жатқандар қаншама?! Тіпті, он екі мүшесі сау адамдардың өзі басына сәл қиындық түссе өмірінен күдер үзіп жатады. Ал мүмкіндігі шектеулі болса да жанын аяздай қаритын қайғысын жеңіп, тұла бойын шиыршық атқандай қатайтып, буын-буынын бекітіп, жасып қалған арманын жасаң тартқызып жатқандар да жетерлік. Сондай жанның бірі өмір отын өшірмей үрлеп, талай биік белесті бағындырған – Жанар ТІЛЕКТЕСОВА. Олай болса, «Дойбы 64» пен тоғызқұмалақ ойынын қатар алып жүрген Ұлы Даланың ерке қызы шерткен әңгімеге құлақ түрейік.

– Мен 1999 жылы 4 ақпанда Ескелді ауданы, Алдаберген ауылында дүниеге келдім. Отбасымызда үш баламыз. Ағам және інім бар. Үйде жалғыз қыз болғандықтан, апамның еркесі болып өстім. Немерем жаннан тәтті деп еркелетіп, ертегісін айтып, апам тәрбиеледі. Бес күн жалғанда ешкім Тәңірден бір мүшесінің кем болғанын тілеп алмайды. Кей адамның жарық дүниеге он екі мүшесі сау болып келмейтіні өкінішті-ақ. Тағдырдың жазуы болар, мына өмірге кемістігіммен келдім. Дүние есігін ашқаннан бір көзім көрмеді. Десе де, менің он екі мүшесі сау балалардай ойнап-күлуіме еш кедергі болмады. Өзгелер секілді мен де бал балалық шағымда ауылдың борпылдақ топырағында жалаңаяқ шапқылап, қар, жел мен жаңбырына қарсы жүріп, шынығып өстім. Найзағай секілді жарқ еткен өмірде басыма қиындық түсті екен деп, жалғаннан баз кешіп, тұнжырамадым. Керісінше, бәрін жеңемін деп күліп жүрдім. Қиындықты жеңуге көмектескен — спорт. Өйткені, былдырлаған шағымнан-ақ спортты жаныма серік еттім.

Есік қаласындағы мектеп-интернатының табалдырығын аттағанымда атам Тілектес Әбділдәбеков шаршы тақта үстіндегі тартысқа қызығатынымды мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жайдарман апайыма айтты. Сөйтіп, Жайдарман апай мені «Дойбы 64» пен тоғызқұмалақ ойнауға үйретті. Жаттығуды келесі күні-ақ бастап кеттім. Өзім қатты құмартқан спорт күн өткен сайын өзіне баурап алды. Алғашында қиындықтың болғаны рас. Артынша қарсыласымды қапы қалдырып, шебер ойыншылардың санатына іліктім. Мектеп қабырғасында жүріп, талай бәсекеде топ жардым. Жетістіктерімді көрген апайым мені Райгүл Рысалова атты бапкерге алып барды. Бүгінде Райгүл апай — бас бапкерім. Осылайша білікті мамандардан жаттығу үйреніп, қай жерде ұлттық ойын түрі бар десе сол жерден табылатын болдым. Мектепті бітіріп, Талдықорған политехникалық колледжінің студенті атандым. Спортты жаныма серік еткен соң мамандығымды да спорт жаттықтырушысы етіп таңдадым. Менің екінші көзім дойбы мен тоғызқұмалақ болды.

Иә, Жанар Тілектесова жүректі жаншылаған мұңын, басына салған тағдырдың қиындығын жеңе білді. Қиындыққа бордай егілмей, болаттай берік болды. Соның арқасында ол сау адамдардың қатарына қосылды. Ал енді ақыл-ой спортын ардақ тұтып, күні-түні жаттығу жасап, абырой-беделге тек қана мехнатты еңбекпен жеткен қайсар қыздың спорттағы жеңісіне құлақ түрейік.

– Дене тәрбиесі мамандығын таңдаған соң жаттығу көбейіп, спорттағы ақ желкенім көтерілді. Әуелде қала біріншілігінде топ жардым. Одан кейін облыстық чемпионаттардың барлығында қарсылас шақ келтірмедім. Осындай дарындылығымды байқаған бапкерім республикалық жарыстарға қосты. Онда да тауым шағылмады. Қатысқан жарыстан жүлдесіз оралған күнім болған жоқ. Жетісу жерінің намысын құлатқан емеспін. Ірі жарыстардан есімде қалғаны 2015 жылы Шымкентте өткен республикалық жарыста 3-орын алдым. 2019 жылы Павлодарда өткен командалық жарыста күміспен күптелдім. Былтыр Талдықорған қаласында өткен республикалық жарыста 2-орын иелендім.

Додада 5 қарсыласымды ұтып, ақтық сынға жолдама алдым. Финалда атыраулық спортшыға жол беріп, тұғырдың екінші сатысынан көріндім. Дүбірлі додада облысымыз жалпыкомандалық есепте де 2-орын алды. Бұл дойбы спортынан жеткен жетістігім. Былтырға дейін жарысқа тек дойбы спортымен барып жүрдім. Бірде ұлттық спорт түрін де жаттап өстім ғой, бағымды сынап көрсем қайтеді деген ой келді. Бапкерім қуана-қуана келісті. Екі спортты қатар алып жүрмек болып шештім. Тоғызқұмалақ есептеуді, тез ойлауды көп талап ететін жарыс болғандықтан басында, әрине, оңай болған жоқ. Тынбай жаттыққанымның арқасында мұны да меңгеріп алдым.

Сөйтіп, былтыр тоғызқұмалақтан Павлодарда өткен республикалық жарысқа қатыстым. Бұл командалық дода болды. Облысымыздың намысын қорғап барған соң барымды салып өнер көрсеттім. Біз жалпыкомандалық есепте 2-орын алдық. Тоғызқұмалақ спортынан барған алғашқы ірі жарысымда жүлдегер атандым. Жеңіс жігер мен қос спортты да алып жүре аламын деген сенім сыйлады. Жаттығудан қалмай, күн-түн демей қызу дайындалғанның арқасында биік белестерді бағындырдым. Тынымсыз еңбек – жеңіске жетеледі. Алдағы мақсатым – екі спорт түрінен әлемдік додалардың мұзарт шыңын бағындырып, ел абыройын асқақтату.

Ол қилы тағдырдың қиындығын көрсе де жанын қажап, зәрәзеп қылмады. Күні-түні қайғы жұтып, күңгірт ойды көңілге қорек еткен жоқ. Керісінше, дарқан даланың ерке елігіндей болып өскен қыз сабырлық танытып, өмірдің ағысына қарсы жүзді. Соның арқасында бар қиындыққа төтеп берді.

Иә, бойында кемістігі болса да, өмірде жеңісі көп қыздың өмірі көпке үлгі. Жетісу жұртшылығына жеңіс сыйлап жүрген қызымызға алар асуың биік болсын демекпіз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026
Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

15.03.2026
Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

15.03.2026
Черновик

«Хильниченко және К» қожалығының қызметкерлері азаматтық белсенділік көрсетті

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.