Талдықорған: +14°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22 маусым 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Артем Чурнисов

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасы аясында балалар спортын дамытуға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Олимпиадалық емес спорт түрлері және бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы Айдос Есенәлиев мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Министрлік мәліметінше, 2021 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасы балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда еліміз бойынша 4 пен 17 жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала жеті мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыру мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттерден 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Сонымен қатар елімізде бұқаралық спортты дамыту көрсеткіштері де артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың үлесі 44,5 пайызға жеткен. Бұл шамамен 8,5 миллионнан астам адамды құрайды. Ал 2029 жылға қарай аталған көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Туризм және спорт министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылады. Оларға 1,5 миллионнан астам адам қатысады. Аталған іс-шаралар қатарында марафондар, жүгіру жарыстары, велошерулер, спорт фестивальдері, аула турнирлері, сондай-ақ мектеп және студенттер арасындағы жарыстар бар.

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6 пайызды құрады. Бүгінде елімізде жалпы саны 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 13 154 дене шынықтыру-спорт нысаны, білім беру ұйымдары жанындағы 11 880 спорт нысаны және 1 484 спорт мектебі бар.

Мамандардың айтуынша, балалар спортын қолдау мен спорт инфрақұрылымын дамыту халықтың дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.