Миландық «Интердің» баспасөз қызметі алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен ұтқанна кейін қазақ тілінде жазба жариялады. Бұл кездесу УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында өтті,
Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы Vesti.kz сайтының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Нерадзуррилер «Джузеппе Меаца» стадионында өткен ойынның көріністерінен бейнежазба жариялады. Онда «Қайрат» қақпасына гол соққан ойыншылар – аргентиналық Лаутаро Мартинес пен бразилиялық Карлос Аугусто – басты кейіпкерлер болды.
«Тамаша ойын, тіпті 2016 жылғы нұсқасында да», – делінген Интердің қазақ тіліндегі жазбасында.
Айта кетейік, «Интер» жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасында өткізген төрт ойында да жеңіске жетті. Ал «Қайраттың» еншісінде бір ғана ұпай қалды.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алдағы ойындары:
• 26 қараша: Копенгаген – Қайрат (22:45)
• 9 желтоқсан: Қайрат – Олимпиакос (20:30)
• 20 қаңтар: Қайрат – Брюгге (20:30)
• 29 қаңтар: Арсенал – Қайрат (01:00)





