Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Кәсіпкер Олимпиада чемпионының әкесіне Audi Q8 сыйлады

24 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Кәсіпкер Олимпиада чемпионының әкесіне Audi Q8 сыйлады

Коллаж: Sn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Италияда өткен Ақ Олимпиаданың тарихи қаһарманы Михаил Шайдоровтың жеңісі елді әлі де сүйіндіруде. Белгілі кәсіпкер Арсен Томский чемпионның әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 автокөлігін сыйға тартып, көпшіліктің ықыласына бөленді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкер ақжолтай жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Станислав Шайдоровтың ұлының жетістігі жолындағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Арсен Томскийдің айтуынша, алтын медальдің артында тек спортшының ғана емес, оны алғаш жетелеп әкелген жаттықтырушының темірдей тәртібі мен үлкен құрбандықтары жатыр.

Жеңіс жолындағы құрбандық

Осыдан бірнеше жыл бұрын Станислав Шайдоров ұлының спорттық мансабын жалғастыруына қаражат табу үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болған. Кәсіпкер бұл оқиғаның өзіне өте жақын екенін айтты.

«Михаил әлемге өзінің өнерін көрсетіп, Қазақстан мен шетелде миллиондаған адамға шабыт сыйлады. Бірақ бұл алтын медальдің артында күнделікті еңбек пен өзін-өзі құрбан етуге толы ұзақ жылдар жатқанын білу қажет. Станислав ұлының шыңға жету жолын қолдау үшін өз көлігін сатқан еді. Мен де кезінде команданың жалақысын төлеу үшін және киберспортшыларды жарысқа жіберу үшін екі рет көлігімді сатқанмын», – деді Арсен Томский.

Көз жасы мен шынайы ризашылық

Темір тұлпарды табыстау сәтінде Станислав Александрович толқынысын жасыра алмай, көз жасына ерік берді. Бұл – ұлының Олимпиада шыңын бағындырғанын көріп, көпжылдық еңбегінің жанғанына куә болған әкенің шынайы тебіренісі еді. Көліктің кілтін тапсыру рәсімі өте қарапайым әрі әсерлі жағдайда өтті.

Арсен Томский өз жазбасында әрбір чемпионның артында оған сенім білдіретін адам тұратынын, ұлы жеңістердің бастауында осындай берік сенім жататынын қадап айтты. Бұл оқиға қазақстандық спорттағы еңбектің еленетінін және чемпиондарды өсірген бапкерлер мен ата-аналардың қашанда құрметке лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Arsen Tomsky (@arsentomsky)

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03
Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Бүгін, 10:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.