Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Келесі Олимпиадаға баратын боксшы анықталды

22 қазан 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Келесі Олимпиадаға баратын боксшы анықталды

Қазақстан бокс федерациясы

WhatsAppTelegramFacebook

Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 55 келіге дейінгі салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жеңімпаз атанды.

Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Sportarena.kz-ке берген сұхбатында бұл салмақтағы бірнеше боксшының өнерін талдап, өз пікірін білдірді.

«55 келі салмақта мен ең алдымен жас спортшы Бексұлтан Боранбекті атап өткім келеді. Өткен жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған ол үшін бұл – ересектер арасындағы алғашқы маңызды турнир. Жартылай финал көрсеткендей, оған әлі көп нәрсені үйрену керек, жетілдіретін тұстары бар. Бірақ әлеуеті зор», – деді бапкер.

Сонымен қатар Тұрсынғали Еділов финалға шыққан екі боксшыны да жоғары бағалады.

«Нұрсұлтан Алтынбек қазір мықты деңгейге жетті. Ол ешкімнен қорықпайтын, батыл және шабуылда алуан түрлі амал қолданатын боксшы. Ал Сәкен Бибосынов та жаңа, ауырлау салмақта жақсы нәтиже көрсетті. Қарсы шабуылда шебер жұмыс істейді. Мен төрешілердің шешімін талқыламаймын, бірақ екі боксшы да жоғары деңгей көрсетті», – деп атап өтті ол.

Бапкердің айтуынша, қазір Сәкен Олимпиадалық салмақта екінші нөмірлі боксшы болып тұр, себебі дәл осы санатта Махмұд Сабырхан бар.

«Махмұд Ливерпульде бәріне өзінің кім екенін дәлелдеді. 55 келі – оған ең қолайлы салмақ. Онда жылдамдық та, соққы да, физикалық күш пен техника да бар. Сондықтан Сәкен екеуі кездессе, менің ойымша, Сабырхан жеңіп кетер еді. Бірақ егер былтыр Махмұд 51 келіге түскенде, онда Сәкен сөзсіз басым болар еді. Әркімнің өз салмағы бар», – деді Тұрсынғали Еділов.

Қатысты жаңалықтар

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03
Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Бүгін, 10:53
Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.