Волейболдан «Жетісу» қыздар командасы Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогының «Б» тобындағы алғашқы ойында жеңіске жетті. Ұжым «Қарағандымен» болған кездесуде 3:1 (25:18, 25:14, 17:25, 25:17) есебімен басым түсті.
Ертең «Жетісудың» қыздары биылғы маусымдағы басты қарсыластарының бірі павлодардың «Ертіс ҚазХром» клубымен ойнайды.





