Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Мергендер мерейі тасыған күн

29.05.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Мергендер мерейі тасыған күн
WhatsAppTelegramFacebook

Күні кеше Қытайдың Шанхай қаласында өткен әлем кубогында қазақстандық садақ атушылар ерлер арасында өзгелерден оза шауып, командалық бірінші орынды қанжығаларына байлап қайтты.

Ауыр атлетика,  бокс пен күрес сияқты спорт түрлерінен үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан біздің спортшыларымыз кеңестік кезеңде де, тәуелсіздік жылдары да садақ атудан ерекшелене қоймағаны мәлім.  Қыз-жігіттеріміздің жекелеген жетістіктерін айтпағанда, мергендеріміз мәреге жетпей жатушы еді. Міне, бұл жолғы әлем біріншілігінде қазақ командасы осы қалыптасқан көзқарасты жоққа шығарды. Бұл жайында Қазақстан садақ ату спорты федерациясының президенті Алмас Мырзабеков былай дейді:
– Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан өткен әлем кубогына 70-ке жуық мемлекеттің спортшылары қатысқан еді. Міне, осы дүбірлі додада Қазақстанның ерлер  командасы алғаш рет бірінші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тағып қайтты. Әрине, спорттың бұл түрінен алдына жан салмайтын дәстүрлі  жеңімпаздарды артта қалдырып, жүлдені жұлып алу оңайға соқпағаны белгілі. Әсіресе, өткен олимпиада чемпиондары атанған корей елінің мергендерімен болған ақтық шайқас өте тартысты өтті. Бұл біз үшін бұрын-соңды болмаған жетістік десек, артық айта қоймаймыз. Осы жеңісіміз арқылы  спорттың бұл түрі де біз үшін таңсық емес екенін дәлелдедік. Алдағы уақытта жетер межеміздің деңгейін бұдан да биіктен көруге сенім мол.
Бұл жерде Талдықорғандағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Санжар Мұсаев пен Денис Ганькиннің, Шымкент спорт мектебінің шәкірті Ойбек Сайдиевтің ерекше еңбегін атап айту керек. Бұл жолы жақсы нәтижеге жете қоймаған қыздар командасы болашақта жігіттердің табысын қайталайды деп сенгіміз келеді.
Алматыдағы халықаралық әуежайға  спортшыларымызды қарсы алуға келген жанкүйерлердің қарасы әжептәуір көрінді. Олар демде жеңімпаздардың құшағын гүл шоқтарына толтырып тастады. Бапкерлері мен әріптестерінің, туыстары мен жалпы жұртшылықтың ыстық ықыластары мен құттықтауларын тебірене қабыл алған жігіттер жан-жақтан қаумалаған қауымның сұрақтарына жауап беріп те үлгеруде. «Бұл, әрине, қазақстандық садақшылардың бірінші үлкен жеңісі. Осындай мақсатпен аттанған едік, оны орындадық. Жеңісімізді отандастарымызға  арнаймыз! – деді олар жарыса. – Алдағы уақытта осы биігімізден төмендемей, еліміздің Көк байрағын жоғарыдан желбіретуге бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз!»
– Бұл жарысқа біз барынша жақсы дайындықпен бардық. Ол  үшін ең алдымен бапкерлерімізге алғыс айтуға тиіспіз. Талдықорған қаласындағы арнайы спорт базасында өткен үш апталық дайындығымыз өз нәтижесін берді. Жарыстың басында біраз психологиялық қиындықтар болғанымен, жүре келе жігерімізді жанып, намысқа мінгенбіз. Біз қазақ спортының ешкімнен кем емес екенін тағы бір дәлелдедік. – дейді Санжар Мұсаев. Жалпы,  садақ ату спортына 2008 жылы Пекинде өткен олимпиаданың әсерімен барған едім. Тартқан жебесі тоғыз қабат тор сауытты тесіп өтетін мергендер бізден де арылмаған. Ендеше, ұлтымызға ежелден тән бұл спортты неге бағындыра алмаймыз деген ойдың мазаны алғаны рас.  Садақ тарту – техникалық және психологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын  спорт түрінің бірі болып саналады. Алайда, алдына мақсат қойып, соған жету жолында қажымай-талмай еңбек еткен жан  үшін алынбайтын асу болмайды екен. Үздіксіз шеберлік шыңдаудың нәтижесінде бүгінгі күнге дейін Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін, үш дүркін Азияның қола жүлдесін жеңіп алдым. Алдағы уақытта Олимпиада ойындарында да еліміздің Көк туын биіктен желбіретсем деймін!
Қазақстандық мергендерді жеңісімен құттықтаған жұртшылық көпке дейін жігіттерді орталарынан шығармай, жарыстың қалай өткенін сұрап жатты. Әлем кубогының бірінші деңгейінен үздік өнер көрсеткен жігіттер енді Түркияның Анталия қаласында өтетін екінші турға қатысудан да үмітті. Жеңістің тәтті дәмін татқан олар бұл бәсекеде де олжамен оралмақшы. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, бабы мен бағы келіссе азаматтарымыз тағы да биіктен көрінеді деген үмітіміз зор.

Қуат Қайранбаев
Алматы. 

 

Қатысты жаңалықтар

Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026
Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.