Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Милан-2026: Рекордтар мен таңғажайып сәттерге толы Олимпиада

14 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Милан-2026: Рекордтар мен таңғажайып сәттерге толы Олимпиада

newseventsturin.net

WhatsAppTelegramFacebook

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен Италиядағы қысқы Олимпиада ойындары жұрт болжағандай тосын жаңалықпен талай рекордтың жаңарғанымен есте қалмақ. Көрерменнің айызын қандыратын сәт көп. Төрт жылдықтың басты жарысы бел ортасына келгенін ескерсек, әлі талай Рекордтар МЕН қызықтың орын алатындығы анық.

Жүлде еншілегендер тізіміне көз жүгіртсеңіз, италиялық 35 жастағы Арианна Фонтананы көресіз. Ол 6 олимпиададан қатарынан жүлде алып келеді. Фонтана 2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен жарыста 15 жасында жүлдеге іліккен. Содан бері Олимпиаданың жалпы 12 медалін алды. Нәтижелеріне көз жүгіртсек, 2006 жылы эстафетамен 500 метр қашықтықта қола медаль, 2014 жылы Сочиде 500 метрде күміс, 1500 метрлік эстафетада қола, 2018 жылы Пхенчханда 500 метрде алтын, эстафетада күміс, 1000 метрде қола алса, 2022 жылы Пекинде 500 метрде алтын, эстафетада және 1500 метрде күміс, ал 2026 жылы Миланда эстафеталық жарыста алтын олжалады.

Италия Олимпиаданы ұйымдастыруға 5,2 миллиард еуро жұмсаған.

93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысуда.

36 спортшы Қазақстан намысын қорғайды.

250 мың доллар еліміз алтын алған спортшыға береді.

Спортшыларымыздың орташа жасы – 25. Бұл – Қазақстан тарихындағы олимпадаға қатысатын «ең жас» құрама.

Олимпиадаға қатысушылардың жас айырмашылығы да ерекше. Қазақстан құрамасындағы ең жас Олимпиадаға қатысушы фрис- тайл-акробатикадан сынға түсетін 16 жастағы Асан Асылхан. Ал егде спортшы шорт-тректен жарысқа түскен 33 жастағы Абзал Әжіғалиев. Жалпы Олимпиадаға қатысып жатқандар ішінде ең қарт спортшы әзірге 54 жастағы Рич Руохонен (керлинг). Бұл АҚШ құрамасы тарихындағы «ең қарт спортшы» есебінде тарихқа енді. Милан Олимпиадасында өнер көрсеткендер арасындағы ең жас қатысушы да АҚШ құрамасынан. Ол 15 жастағы Эбби Винтербергер (фристайл).
Мәнерлеп сырғанаудан 50 жыл рұқсат етілмей келген артқа секіру (сальто) тәсілін Милан Олимпиадасында АҚШ құрамасының спортшысы Илья Малинин орындады. Сөйтіп командалық жарыста өз серіктеріне алтын алуға көмектесті. Алғаш Олимпиада ойындарында артқа сальто жасаған Терри Кубичка (Америка) болса, екінші болып 1988 жылы Нагано Олимпиадасында Сурия Бонали (Франция) жасады. Одан кейін бұл әдіске тыйым салынды. Тек 2024 жылы ғана қайта рұқсат етілді.

zakon.kz

Олимпиада тарихында алғаш ұйымдастырылған спорт – ски-альпинизм жарыстары. Қысқы Олимпиадаға тұңғыш рет Бенин, Гвинея-Бисау және БАӘ спортшылары қатысып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.