Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Нью-Дели қаласында (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы Әлем кубогінің финалдық кезеңінде алғашқы айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
70 келі салмақта өнер көрсететін Нұрбек ширек финалда Қырғызстан боксшысы Ихтиар Нишоновты айқын басымдықпен жеңіп, кемі қола жүлдеге қол жеткізді.
Енді Мұрсал финалға жолдама үшін украиналық Юрий Захарьевпен жұдырықтасады. Олардың кездесуі 19 қараша күні өтеді.
Бұл Қазақстан құрамасының турнирдің екінші жарыс күніндегі алғашқы жеңісі болды.
Бұған дейін келесі боксшылар жарысты жалғастыра алмай қалған еді:
-
Нұрзат Оңғаров (50 кг) – үндістандық Сингх Джадуманиден жеңілді;
-
Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) – үндістандық Паван Бартвалдан ұтылды;
-
Аман Қонысбеков (75 кг) – өзбекстандық Жавохир Абдурахимовқа есе жіберді;
-
Бекзат Таңатар (90 кг) – үндістандық Навин Кумардан нокдаун алып, жарыс жолынан кетті.
Әлем кубогінің соңғы кезеңіне Қазақстан атынан сегіз ер және бес әйел боксшы қатысуда.





