Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ОБЛЫС ӘКІМІ ФУТБОЛ ОЙНАДЫ

29 мамыр 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ОБЛЫС ӘКІМІ ФУТБОЛ ОЙНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанның орталық стадионында футбол мерекесі өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған шараға қала тұрғындары көп жиылды. Футбол жанкүйерлерінен басқа аула клубтары команда жасақтап, жас аяқдопшылар мерекенің шырайын кіргізді.

Мерекеде облыс әкімдігі мен футбол ардагерлерінен құралған команда жолдастық кездесу өткізді. Алаңға командасын бастап шыққан облыс әкімі Амандық Баталов тамаша ойын өрнегін көрсетті. Қарсыластар да осал емес. Ардагерлер командасының сапында сонау жылдары Жетісудың намысын қорғаған талантты футболшыларымыз бар. Нақтырақ айтсақ, Дәулет Иманқұлов, Қайрат Әбдірахманов секілді мықтылар әлі де бабынан тая қоймағанын көрсетті. Ал әкімдіктің командасында кезінде атақты алматылық «Қайрат» командасын алға сүйреген Дмитрий  Огай, Руслан Балтиев секілді жұлдыздар да алаңда еркін ойқастады.

Сонымен, қызықты бәсекеде екі команда да осалдық танытпады. Жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дәріптеген футболшылар екі таймды да алма-кезек шабуылмен өткізді. Нәтижесінде бір-бірінің қақпасына екі доптан соғып, ойынды тең дәрежеде аяқтады. Әкімдіктің командасында қос голды қақпаға тоғытқан дубль авторы №7 жейдедегі облыс әкімі Амандық Баталов болды. Ал ардагерлер командасында Қазбек Мырзақұлов пен Евгений Козинцев ерекшеленді.

Ойынның соңында облыс әкімі Амандық Баталов сөз алып, жанкүйерлерді футбол мерекесімен құттықтады.

– Жетісу жерінде талантты спортшылар көп. Өз арамызда мықты футболшылар жүр. Мәселен, Дмитрий Огай, Руслан Балтиев, Қайрат Абдрахманов, Дәулет Иманқұлов, Нұрбақыт Теңізбаев сынды таланттар бүгінгі жастардың үлгісіне айналған спортшылар. Осындай футбол мерекесі арқылы жастардың арасынан спорт жұлдыздары шығуы заңды. Ол үшін спортпен көбірек шұғылдану керек. Бүгінде Алматы облысында спортқа қолдау өте жақсы. Кез келген аулада спорт алаңдары жұмыс істеп тұр. Мұнымен қоса жүзу бассейні бой көтеріп жатыр. Ертең осы спорттық нысаннан міндетті түрде чемпиондардың шығатыны анық. Сол үшін әрқашан спортпен бірге болыңыздар, – деп сөзін аяқтады аймақ басшысы.

Одан кейін аймақ басшысы жиырма бес аула клубына мың футбол добын тарту етті. Кезек-кезегімен облыс әкімінің қолынан доп алған балғын футболшылардың қуанышында шек жоқ. Торкөз дорба ішін теңбіл допқа толтырып, арқалап бара жатқан балаларды көріп, біз де қуанып қалдық. Ертең осы жеткіншектердің ішінен тепкен добын қақпада тулатқан Тимур Сегізбаев, қырағы қақпашы Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов пен Сейтжан Байшақовтың шықпасына кім кепіл?! Балалар да алған сыйлықтарына разы болып, Амандық Ғаббасұлына алғысын жаудырып жатты.

Шара соңында «Жетісу» командасының ойыншылары қолтаңбалары қойылған доптарды жанкүйерлерге лақтырып, құрметтерін көрсетті. Мереке тамаша ән шашумен жалғасып, жанкүйерлер футболшылармен естелік суретке түсті.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.