Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13 шілде 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

7-su.kz / Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

Волейболдан 10 дүркін ел чемпионы «Жетісу» командасы биыл да үздік нәтиже көрсетіп, мықтылар тізіміне кіргісі келеді. Жазғы ауыс-түйіс барысында команда құрамы айтарлықтай өзгеріп, жаңа ойыншылар қатарға қосылды. Келгендер тізімінде ресейлік шабуылшы Ольга Зверева бар. Олямен сұхбаттасудың сәті түсті.

– «Жетісу» волейбол кулбы жөнінде келмей тұрып не білдің және қазір күтеніңдегідей болып жатыр ма?

– Қазақстандағы ең титулды команда екенін о баста білдім. Кейінгі турнирлердегі нәтижесі өте жоғары. Алғашқы жаттығуымды өткіздім. Барлығы мен күткендегідей жақсы болды. Жаттығу барысы, одан тыс қарым-қатынас, ойыншыларға жасалған жағдай бәрі көңілімнен шықты. Тіпті мен ойлағаннан асып түсті.

– Командадағы ойыншылардан алғаш болып кіммен таныстың, не жөнінде әңгімелестіңдер?

– Жолдан келген бетте бірінші болып командамыздың либеросы Мадина Бекетті көрдім. Ол мені жылы қарсы алып, екеуміз біраз әңгімелестік. Ал ертеңінде командамен болған жиында барлық қыздармен таныстым. Командадан керемет атмосфера сезіледі. Бәрі бауырмал. Маған қатты ұнады.

– Талдықорған қаласы ұнап жатыр ма, қай жерлерге бардың, есіңде ерекше қалғаны?

– Шағын, тыныш қала. Орналасқаныма көп болмағандықтан, әлі толық аралап үлгерген жоқпын. Терезеден тауларды, әсем ғимараттарды, тамаша табиғатты көрдім. Алдағы күндері жаттығумен ойынның арасынан уақыт тауып, міндетті түрде барынша аралап, жақын танысқым келеді.

– Қазақ асханасынан дәм таттың ба?

– Әлі дәм татпадым, бірақ ғаламтор арқылы қарап, таныстым. Бұл елде етті ерекше жасайды. Сондықтанда бешбармақтың дәмін көргім келеді. Бұл тізімде бауырсақ та бар. Түртіп алғаным өте көп. Бәрінің дәмін көрсем деймін.

– Жаңа маусымнан не күтесің?

– Тартысты әрі қызықты ойындарды күтемін. Чемпионатта оңай қарсылас болмайды, сондықтанда барынша дайындалып, жақсы нәтиже көрсеткіміз келеді. Сол үшін тырысамыз. Дәл қазіргі міндет – алаңда бір-бірімізді түсініп, жұмыла отырып жұмыс істеу.

– «Жетісу» волейбол клубының жанкүйерлеріне не айтасың?

– Командаға қосылғаныма қуаныштымын. Мен үшін бұл клубтың намысын қорғау үлкен мақтаныш. Бізді қызыққа толы маусым күтіп тұр деп ойлаймын. Барша жанкүйерлерден қолдау күтеміз. Әр қолдау – маңызды.

– Сұхбатыңызға рақмет!   

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.