«Қан мен тер» лақап атымен белгілі 31 жастағы Әліби Ыдырыс (11-1) өзінің UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол жеңіл салмақта (56,7 келі) ямайкалық Оди Осборнды (13-10) төрешілердің шешімімен ұтты. Жекпе-жек Хьюстон (АҚШ, Техас штаты) қаласында өтті,-деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Былтыр Әліби танымал The Ultimate Fihghter (TUF) шоуының финалында амеркиалық Джозеф Моралестен үшінші раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңілді. Ал Әлбіи аталған шоуда кездесу өткізген алғашқы қазақ файтері. Бұл жеңіліс қазақстандық спортшының мансабындағы алғашқы жеңілісі.





