Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Исламның Шотландия чемпионатындағы жеңіс голы

22 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстандық футболшы Шотландия чемпионатында ойнайды

"Хартс" ФК

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Хартс» командасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы өзінің алғашқы голын салды. «Фалкирк» командасына қарсы өткен матч 1:0 есебімен аяқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Шотландия премьер-лигасының 28 тур ойындары аясында «Хартс» командасы «Фалкирк» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын 45 минутта қазақстандық вингер Ислам Чесноков салды.

– Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Мен дәл осындай атмосфереда ойнауды армандадым, гол салғым келетін. Бүгін маңызды ұпайды алып, чемпионаттағы мықты қарсыластырдың бірін жеңдік. Жоспарымызды жүзеге асырғанымызға қуаныштымыз, – дейді ойыннан кейін Ислам Чесноков.

Ислам «Хартс» командасында биыл қаңтардың басында қосылған болатын. Содан бері 4 матчқа қатысты. Бір қызығы, Исламның дебюттік ойыны Шотландия кубогының 1/16 финалында «Фалкирк» командасына (ол кезде «Хартс» 1:2 есебімен жеңілді) қарсы болған. Ал бүгін дебюттік голын «Фалкирк» қақпасына салды.

Белгілі комментатор, спорт журналисі, футболдың есеп-қисабын жүргізіп, статистикасын түзіп отыратын Есей Жеңісұлы: – Қазақ футболының түлектері осымен Еуропаның  (он бесінші) лигасында кемінде 1 рет мергендік танытты. Отандастарымыз бұған дейін Армения, Беларусь, Бельгия, Дания, Израиль, Кипр, Латвия, Литва, Нидерланды, Польша, Ресей, Словакия, Словения және Түркия жоғары лигаларында доп соқты. Екі лигада көзге түскен отандастарымыз: В.Нидергаус (Ресей және Израиль), Г.Жуков (Нидерланды және Бельгия), С.Хижниченко (Беларусь және Польша), Р.Оразов (Словения және Дания). Бұл сапқа жақында А.Әйімбетов қосыла алады. Ол Румынияның «Петролул» командасына ауысты. Абат оған дейін Түркия суперлигасында  доп авторы атанған еді, – дейді.

 «Хартс» Шотландия премьершипінде 28 ойыннан кейін 60 ұпаймен бірінші орында тұр. Одан кейін «Рейнджерс» (27 ойын, 55 ұпай) пен «Селтик» (26 ойын, 54 ұпай) өкшелеп келеді. «Хартс» күнтізбедегі «Абердин», «Климарнок», «Данди», «Ливингстон» және «Мотеруэлл» командаларына қарсы қалған бес ойында ұпайдан шашау шығармаса араға 66 жыл салып чемпион атанбақ. «Хартс» Шотландия чемпионатында төрт рет 19894/95, 1896/97, 1957/58, 1959/60 жылдары чемпион болған.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.