Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ

24 тамыз 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаһанның үздіктерін анықтаған Франция астанасы Париждегі Олимпиада ойындары аяқталып, іле-шала XVII жазғы паралимпиаданы өткізу жұмыстарына бел буып кірісіп кетті. Әзірлік жұмыстары ойдағыдай, махаббат қаласы әр елден келген параспортшыларды сән-салтанатпен күтіп алып, жарысты бастауға дайын. Елімізден алғашқы болып Парижге аттанғандар – волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу спортшылары.


Паралимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы тұрақты қатысып келеді. Париждегі сын еліміз үшін сегізінші паралимпиада болмақ. Осыған дейінгі жеті жарыстан 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль (барлығы 10 жүлде) алдық. Ал Парижде өтетін жарысқа елімізден 44 спортшы қатысады, олар тоғыз спорт түрінен 33 жолда ма алды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осыған дейін Атлантада (1996) 13, Сиднейде (2000) 2, Бейжіңде (2008) 3, Лондонда (2012) 7, Риода (2016) 11 және Токиода (2021) 26 спортшы қатысқан болатын. Париждегі паралимпиада ойындарында волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ (1996 жылы Атланта олимпиадасына қатысты). Ал пара үстел теннисі мен каноэде есуден Қазақстан алғаш рет бақ сынамақ. Биылғы Қазақстан құрама командасында 2016 жылы Риодағы (Бразилия) жарыстың жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина, Токио паралимпиадасын да қола медаль алған Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегері Сиязбек Дәлиев, Әмір Мұратбеков сынды белгілі жандар бар. Спортшыларымыз паражүзу, пара пауэр лифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо сынды спорт түрлері бойынша сынға түседі.

Париждегі паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Туын мергендер командасының құрамында жарысқа қатысатын Севда Әлиева ұстайды. Севда халықаралық паралимпиада комитетінің шешімімен лицензия алған болатын. Одан бөлек, ол арба биі бойынша әлем чемпионы.

Риода (2016 жыл) 100 метрге еркін әдіспен жүзуден 1:30.07 уақыт ішінде жүзіп өтіп, 50 жасында чемпион болған Зүлфия Ғабидуллина Париждегі жарысқа қатысатындар тізімінде бар. Ел тарихындағы екінші алтынды 25 жасында Токиода (2021) өткен паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, 174 келіні көтерген Давид Дегтярев алды. Қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсет кішке ие спортшыларымыздан осы жолы да жақ сы нәтиже күтетініміз анық. Ал Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Парижде үздік нәтиже көрсету үшін спортшылар барын салатынын жеткізді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00
Тұрғындар тілегі – назарда

Тұрғындар тілегі – назарда

Бүгін, 10:00
Өңірдегі туристік нысандар қоқыстан тазартылды

Өңірдегі туристік нысандар қоқыстан тазартылды

Бүгін, 09:34
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Елімізде пациенттерді қабылдаудың жаңа бірыңғай жүйесі енгізіледі

Бүгін, 09:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.