Жастар спорт сарайында бокстан 2006-2007, 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 100-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты.
Үш күн бойы әр өңірден іріктеліп келген балғын боксшылар Талдықорғанды дүбірге бөледі. 2010-2011 жылғы жасөспірімдер 4, 2006-2007 жылғы боксшылар 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыс тартысқа толы болды. Сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген былғары қолғап шеберлері алғашқы раундтан-ақ қарша боратқан соққыларымен танылды. Бұл шаршы алаңда бір-біріне дес бермеген жасөспірімдердің, жеңіске деген мұқалмас жігерінің арқасы. Соққылары жойқын, техникалары жетік спортшылардың әрқайсысы да чемпион болуға лайық.
Жарыс қорытындысы бойынша 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында 30 келі салмақ дәрежесінде М. Абсеитов 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды А. Ерденбек иеленді. 3-орын А. Мансұр, Е. Нұр-жанұлына бұйырды. 34 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Е. Жәнібекұлы иеленсе, 2-орын Ш. Бектұрғанға бұйырды. Үздік үштіктің қатарынан А. Асқар мен А. Әділбеков көрінді. 36 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Н. Керімбек жеңіп алса, 2-орын Б. Асқарға бұйырды. 3-орынды Қ. Мұратбек пен А. Жұман еншіледі. 40 келі салмақ дәрежесінде И. Қуаныш 1-жүлдені жеңіп алса, 2-орынды Е. Мұратхан иеленді.
2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында 38 келі салмақта 1-орынды Е. Қартабай қанжығасына байласа, 2-орынды А. Жұмакелді жеңіп алды. 3-орын А. Тұрсынхан мен А. Тұлақбайевқа бұйырды. 44 келі салмақта 1-орынды Ә. Мұратұлы иеленсе, 2-орын Д. Жұман бұйырды. Ал, Н. Тұрғамбаев пен Қ. Жанатхан үздік үштіктің қатарынан көрінді. 46 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Н. Елеусіз жеңіп алса, 2-орынды И. Қойшұғыл иеленді. 3-орын Е. Манат пен В. Казанцевке бұйырды. 52 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Р. Абсеитов иеленсе, 2-орын Қ. Тұрар қанжығасына байлады. Үздік үштіктің қатарынан А. Жексенбаев, Т. Зарутбай көрінді. 60 келі салмақта 1-орынды Б. Керімбек жеңіп алды. 2-орынды С. Тоқтар иеленді. 3-орын тұғырына А. Жомарт пен А. Марат көтерілді. 63 келі салмақ дәрежесінде 1-орын Р. Раул, 2-орын Н. Атамбаевқа бұйырса, 3-орынды М. Алмишов пен А. Байғонысов алды.
Сонымен қатар, үздік шыққан боксшылар арнайы номинациялармен марапатталды. Ал М. Абсейітов ашық біріншіліктің «Үздік боксшысы» болып танылды.
Айдар ҚАЛИЕВ





