Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

СЫННАН СҮРІНБЕГЕН БАЛУАН

18 ақпан 2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
СЫННАН СҮРІНБЕГЕН БАЛУАН
WhatsAppTelegramFacebook

Марлан Мұқашев есімі алғаш халықаралық аренада 2013 жылы Новосібір қаласында өткен Александр Карелиннің турнирінде танылды. Одан кейін көзге түсіп келе жатқан балуан 2015 жылы белгілі себептермен карьерасына 4 жыл үзіліс жасап, қайта оралды. Бүгінде жеңіл салмақта Мұқашев елімізде ғана емес, халықаралық турнирлерде фавориттердің санатында.

Талдықорғандағы спорт интернаттың, Политехникалық колледждің түлегі Марлан Мұқашаев 3-7 ақпан күндері Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен күрес түрлерінен ҚР VI жазғы спартакиадасында 55 келіде чемпион болды. Бұл балуанның ел ішіндегі ірі жүлдесі. Спартакиаданың алғашқы күні жеңіл салмақта жартылай финалда күрескен 4  азамат – Марлан Мұқашев, Исхар Курбаев, Ерсін Абиыр және Ербол Камалиев бір жерде тұрып, бір залда жаттығу өткізген балуандар. Қиыны – өзіңді күнде көріп, әдіс-тәсіліңді білетіндермен күресу. Былтыр Қарағандыда өткен ел чемпионатының шешуші сынында Марлан Исхар Курбаевтан ұтылып күміс алған еді. Биыл финалда есе қайтарып, жеңіске жетті. Белдесуде тактикалық тұрғыдан тұқыртып, бірінші кезеңнен іске кірісуді көздеген Марлан өз дегеніне жетті. Бір залда жаттығу өткізіп жүрген 4 балуанның жеңіс тұғырында тұруы – Жетісу аймағындағы күрестің бәсі жоғары екенін көрсетеді. Марлан бұл сынға жұмыс бабының өзгеруіне, бапкерінің қызмет ауыстыруына байланысты Астана қаласының атынан шықты. 
Кейіпкеріміз 1998 жылы 20 наурызда Абай облысы, Аягөз ауданына қарасты Таңсық ауылында дүниеге келген. Күреспен 7 жасынан айналысады. Бапкері – Мейрамбек Мұсаев. Туған ауылында 7-сыныпқа дейін оқыды, одан кейінгі білімін Талдықорғанда жалғастырды. Жоғары білімді Алматыдағы спорт туризм академиясында алды. 
Жүйелі жаттығып, өзін кез келген уақытта кілемге шығып кететіндей дайын ұстауға бейім балуанның жетістік жолындағы еңбеккерлігі, табандылығы көптің көз алдында. Олай дейтініміз 2015 жылы салмақ түсіру мақсатында пайдаланған дәрісіне байланысты шу шығып, 4 жыл күрестен шеттетілген болатын. Сынаққа ілінген тұста сынып кетпей, бойын тік ұстап, күрес залынан бір уақыт ажыраған жоқ. Өз өмірінің бір бөлшегіне айналып кеткен бекзат өнерді тастамады. Күрестен қол үзбеген балуан әр қарсыласын жіті бақылап, терең үңіле түсті. Нәтижесін бүгін көріп жатыр. 
Былтырғы жыл Марлан үшін табысты болды. Ол Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған халықаралық турнирде қола, Мысырда өткен турнирде күміс жүлде алды. Балуан бұл тек жетістіктерінің бастауы болғанын қалайды. Әлі де жеңіс тұғырында ел намысын абыроймен қорғап, Көк туды көкке көтергісі келеді. Биыл наурызда Үндістанның Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындықты Талдықорғанда бастап кетті. Ол жарыстан да жүлделі оралуды мақсат тұтты. Марланды әр жарыстың алдында қанаттандыратын ауылдағы анасының «балам, саған сенемін!» деген бір ауыз сөзі. Кеуде тұсыңдағы аяулы жанның жылы сөзі жарыс бойы жігер беріп тұрады. Балуанның негізгі ұстанымы  «Еңбек – бәрін жеңбек». Еңбекті түсінетін және өз өмірінен бір сәтке алшақтатпаған балуанның жетер жеңісі де, алар жүлдесі де көп болмақ.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.