Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ТЕКЕЛІ — ТУРИЗМНІҢ ТӨРІ

11.09.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
ТЕКЕЛІ - ТУРИЗМНІҢ ТӨРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тау қойнауында, үш өзеннің тоғысқан тұсында орналасқан Текелі қаласына сәт түсіп, сапарлап бардық. Жетісу жеріндегі ең ұзын көшесі бар моноқаланың тыныс-тіршілігімен танысып, көз тартар нысандарына көңіл көншітіп қайттық.

Бізді Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық  ша­р­­­уа­шылық және тұрғын үй инс­пекциясы бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаев күтіп алды. Қаладағы қайта жөндеу жұмыстарынан өткен нысандарды аралауды бірден бастап кеттік.

Алдымен Ардагерлер сая­бағына ат басын бұрдық. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне орнатылған ескерткіш, кіреберісте үлкен алты және кіші екі қақпа менмұндалап тұр. 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген ардагерлер саябағына 38,168 миллион теңге жұмсалды. Бүгінде саябақ қала көркіне айналған.

Текелідегі үйлердің ауласында балалар шат-шадыман шаттыққа бөленіп, асыр салып ойнап жүр. Тәуелсіздік көшесіндегі № 24 үйге қарсы орналасқан ойын алаңқайына көзіңіз түспеуі мүмкін емес. Сырғанақ, әткеншектің түр-түрі, кішкене мұнаралардан тұратын балаларға арналған үйшіктер, темірден жасалған жаттығу, ойнау құрылғылары тұр. Ойын алаңқайындағы құрылғылар жөнделіп, мүжілген жерлері түзетіліп, тот басқаны боялып қайта қалпына келтіріліпті. «Бар жақсы балаларға», – дейміз. Текелі қаласының №4 балабақшасына бас сұқтық. Аулада баланың риясыз күлкісі естіледі. Жалпы Текелі қаласында бес балабақша жұмыс істесе, соның төртеуі мемлекет қарауында, біреуін жеке кәсіпкер тұрғызыпты. Біз есігін аттаған №4 балабақша 2012 жылы «Балапан» бағдарламасымен іске қосылыпты. Ұйымдастырушы Жәмила Тұрарқызы балабақша пайдалануға берілген күннен бастап қызмет істеп келеді. Бүгінде балабақша ұжымында 140 бала бар, олар алты топқа бөлінген. Ойын алаңдары есіктен кіргеннен ерекше әсер беріп, шаттық сезімге бөлейді.

Мәдениет және демалыс орталығына кіргенде ал­дыңыз­дан менмұндалайтын құлынды биенің таутекенің мүсіні шығады. Жалпы саябақ ішіндегі бұғы мен жолбарыс, қар барысы, түйе, қанатты барыс сияқты мүсіні ерекше әсер етеді. Саябақтың ортасындағы үлкен субұрқақ та көзге бірден түседі. Саябақ ішін аралап жүргенімізде «Қара жорға» әнінің сазын әуелетіп, үш киіз үйді ұлттық нақышта безендірген қымыз сатушыларға көзіміз түсті.

Саябақта балалардың жаз бойы доңғалақ (ролик), сигвей сынды заттарды тебуге мүмкіндіктері бар. Кіреберісіндегі есікте: «Ертегілер еліне қош келдіңіз!» – деген жазу тұр. Тап бір ертегілер еліне сапар шегіп жүргендей сезінесіз.

Келесі көз тоқтатқан нысан – СЭС құрылысы. «АСПМК-519» ЖШС Қора өзенінен қуаттылығы 21,5 МВт болатын СЭС құрылысын жүргізіп жатыр. Болашақта қала тұрғындары қуат тапшылығын көрмейді деген сөз. Текелі мен Шажа қосылып, Қора өзеніне тоғысқан тұстың көрінісі тіпті ғажап!

Ғалым Төлегенұлы өзі аралатып, мән-жайын айтқан бес нысан бізге ерекше әсер етті. Одан кейін қала әкімі Бақтияр Өнербаев журналистерді қабылдап, ілтипат көрсетті.

– Мәдениеттілік амандасудан басталады. Қазір бір кіреберісте тұрып, далаға бірге шығып жүрсе де амандаспайтындар бар. Таңғаламын. Мәдениетті әркім өзінен бастауы керек, бүгін көршіме мен бастап амандассам, ертең ол амандасады. Ең алғаш Текеліге студент кезімде келдім, табиғатын керемет ұнаттым. Бірақ осы қаланың әкімі боламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Есімде, сол бір жылдары аналарымыз, әжелеріміз үйіндегі қоқысты шелекпен алып шығып, арнайы көлікке тиеп жіберетін. Қазір, керісінше, үйінің жанында тұрған қоқыс жәшігіне салуға ерінеді, көлігінің терезесінен лақтырып тастайтындар да бар. Біз Швейцарияға қызығамыз, оны да жасаған адамдар ғой. Біздің де қолдан келеді. Ескірген, қираған ғимараттарды қалпына келтіріп, жөндегім келеді. Бұл орайдағы жұмыстарды бастап кеттік. Нәтижесі жақсы, – деді  Текелі қаласының басшысы.

Бүгінде Текеліде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 430,4 миллион теңгеге 80 пәтерлік тұрғын үй салынып жатыр. Ол жетімдерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге және жас мамандарға беріледі. Қаладан Неке сарайын, үлкен кітапхана, архивтерді жинап және сақтайтын ғимарат салу – әкімнің жуық арада жүзеге асырғысы келетін жоспарының бірі. Бүгінде тозығы жеткен қауіпті тұрғын үйлер тізімге алынған. Ондай үйдің тұрғындарына қаланың жаңа аумағынан жер, болмаса үй беру жайы қарас­тырылуда.

Биыл 20 қазанда Текеліде бүкіл аудандардың, қалалардың қатысуымен халықаралық туристік форум өтеді. Бұл – туризмді дамытудың бастамасы. Біз қойған сұрақтарға тұшымды жауап берген Бақтияр Әлтайұлына алғысымызды білдірдік. Сол күні Текелі қаласының әкімі Ресейден келген кәсіпкерлермен қоқысты қайта өңдеу және оны пайдаға жарату мәселелері бойынша жолығып сөйлеспек екен. Бұл – күн сайын атқарылып жатқан игілікті істердің бірі ғана.   

Істері ілгерілеп келе жат­қан қаланың бүгінгі көрінісі, тыныс-тіршілігі, міне, осындай. 

Серік ҚАНТАЙ.

Текелі қаласы.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.