Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Текеліліктер топ жарды

17 маусым 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауларында еліміздегі спорттық туризмді дамыту арқылы Қазақстанды, қазақстандық спортсүйер қауымын әлемге таныту керектігін айтып, бұл мәселені назардан тыс қалдырып көрген емес. Осыған орай ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық туризмді дамыту, ұжымдар арасында достықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымы облыстық туризм басқармасымен бірлесе отырып, тұңғыш рет ұстаздар арасында спорттық туризмнен «Туризм – 2018» жарысын ұйымдастырды.

Салтанатты шараға аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Оразбаев және өзге де салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Ал Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров жарыстың ашылу салтанатына байланысты құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
–  Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спорт және туризмді дамытуға барлық уақытта айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасының тапсырмасына сәйкес біздің облысымызда да туризмді дамытуға барынша қолдау жасалуда.
Кәсіподақ ұйымы ұстаздар мен балалардың денсаулығын нығайту мәселесін басты басымдық деп есептейді. Кәсіби мерекеге орай тұңғыш рет біздің кәсіподақ ұйымы ұстаздар арасында «Туризм – 2018» жарысын өткізуде. Мақсатымыз – сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық туризмді дамыту,  командалар арасында достықты нығайту, –  деді өз сөзінде Садық Нұрсапаұлы.
Ескелді ауданы Көкжазық ауылының маңайында орналасқан «Айналайын»  балалар үйінің «Балдырған» жазғы лагерінде табиғат аясында өткен спорттық туризмді дамытуға арналған бұл жарысқа 8 аудан, 2 қала және облыс орталығындағы 2 білім шаңырағында еңбек ететін, барлығы 200-ге тарта  білім қызметкері қатысып, жеребе бойынша командалар спорттағы ептіліктері мен белсенділіктерін сын таразысына салды. Түрлі кедергілерді бағындыру, карта және компаспен жұмыс жасау, тауға  арқанмен өрмелеп шығу,  шұғыл медициналық көмек көрсету сияқты сындардан өтіп, шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, жарысқа  қатысушы ұжым мүшелері  дала асханасында ас мәзірін  әзірлеуден, «Фотосуреттер» мен «Қабырға газеттерін»  көркем  әрі мазмұнды безендіруден сынға түсті.
Үш күнге созылған «Туризм – 2018» спорттық жарысының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Текелі қаласының тобы  жеңімпаз атанып, 300 000 теңге, ал  екінші және үшінші орынға табан тіреген Ескелді ауданы мен Талдықорған қаласының  ұжымдары тиісінше 200 000 теңге  және 100 000 теңге  ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, «Кросс-саяхат», «Фотосуреттер», «Қабырға газеті» байқауларының жеңімпаздары да анықталды. Туризмді дамыту арқылы салауатты өмір салтын орнықтыруды насихаттау мен денсаулықты нығайтуға септігін тигізген бұл игілікті іс-шараның салтанатты жабылу рәсімінде  жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен дипломдарды және ақшалай сыйлықтарды тапсырды. 

Шора БАТЫРБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.